Қазақ жігіті халықтың баспана мәселесін 1 теңгеге шешуге болатынын айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© facebook.com/nurdaulet.nuradil © facebook.com/nurdaulet.nuradil

Facebook қолданушысы Нұрдәулет Нұрәділ "1 теңге = 1 үй" акциясын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Facebook қолданушысы Нұрдәулет Нұрәділ "1 теңге = 1 үй" акциясын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қолданушы бұл ұсынысын әлеуметтік желіде жариялады."Ассалаумағалейкум ағайын! Қазіргі таңда баспана мәселесі барша қазақтың басты уайымына айналып үлгерді. Әсіресе жастардың. Мемлекеттік бағдарламамен берілетін үйлердің саны мұқтаж жандардың 10 пайызын қамтамасыз ете алмай келеді. "Енді қалай баспаналы болам?"- деп, тапқаны тамағынан артылмайтын ағайынға қалай үй алып беруге болады? Егер біз біріге алсақ, 1 теңгемізді бір отбасы үшін қисақ бұл мәселені де шешуге болады", - дейді ол. 

Нұрдәулет Нұрәділ бұл ұсынысын беделді тұлғалар мен белді ақпарат көздері қолдаса дейді.

"Ресми ақпарат бойынша, Қазақстанда 17 миллион 671 мың адам тұратыны мәлім. Біз соның 7 миллионын есепке алмадық дегеннің өзінде 10 миллион адам қалады. Меніңше 1 теңгені садақаға бере алатын 10 миллион адам бар. Ендеше, бізде 10 миллион теңге жиналады", - деп жазды ол. 

Бұл дегеніңіз, оның пікірінше, Алматы мен Астанадан 1 немесе 2 бөлмелі, ал қалған қалалардан 3-4 бөлмелі үй алатын ақша. "Осылайша әр жұма сайын 1 теңгеден садақа беріп отырсақ, 1 жылда 52 отбасын бақытқа бөлеп мол сауапқа қалар едік. Егер күн сайын 1 теңгеден жиналса 1 жылда 365 адам баспаналы болады. Ешқандай талан-таражсыз, басқа бағытқа емес, тек "1 теңге = 1 үй" деп қор ашып, қолдап жіберер азаматтар болса ҚАЗАҚТЫҢ БАСПАНА МӘСЕЛЕСІ ӨЗІНЕН ӨЗІ-АҚ ШЕШІЛЕР ЕДІ!", - деген ұсыныс жасады қолданушы.

Осыдан кейін ол осы мәселені өзі қолға алғысы келетінін айтты. "Өзім қолға алсам ба деп отырмын. Үлкен ағаларыма жолығып көрем. Көмегін берер", - деп жазды ол пікір ретінде.

Бұл жазбаға қатысты пікір білдіргендер оның сөзін қолдай кетті. "Осы ой маған да келіп жүр еді. Өз күшімізбен үйлі болсақ осылай. Тек сұрар сұрағым, осы үй берілетін адамдар тізімі қалай құрылады? Осы ұсыныс жүзеге асса, ай сайын 1000 теңге немесе одан көп беруге дайынмын. 4 балалымыз, баспана мəселесі қиналтып тұр. Қуана-қуана қолдаймын!", - дейді Динара Керимова есімді қолданушы.

"Иә, тиыннан теңге құралады, көп түкірсе көл деген осы болар...", - деп жазды Айгерім Балғымбаева деген қолданушы.

Қолдау білдіргендердің арасында біреулері бір адам бір жылға 365 теңге төлеп қойсын деген де пікірлер жазып жатыр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro