25 ақпан 2020 16:01

Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінде қайырымдылық концерті өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

23 ақпанда Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі "Балаларға өмір сыйла" атты қайырымдылық концертін өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


23 ақпанда Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі "Балаларға өмір сыйла" атты қайырымдылық концертін өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кештен жиналған қаражат Аружан Саинның "Мейірім" қоғамдық қорына аударылып, көмекке мұқтаж балалардың еміне жұмсалады.

Айта кетерлігі, бұған дейін Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл, "Мейірім" қоғамдық қорының негізін қалаушы Аружан Саин мен Құрманғазы оркестрінің директоры Қуанышбек Жанболатұлы бірлескен жоба бойынша жұмыс істеу туралы меморандумға қол қойған еді.

Қарттар үйінде, балалар үйінде және мүгедек жандарға арналған ұйымдарда талай мәрте өз өнерін көрсетіп жүрген ұлы оркестр еліміздегі өзге мәдени ұжымдардың арасында алғашқылардың бірі болып осындай игі істі бастады.

Бұрын-соңды болмаған концертте Құрманғазы оркестрі Г. Свиридов, А. Пьяццолла, И. Брамс, Е. Брусиловский секілді шетелдік композиторлардың шығармалары мен қазақтың күйлерін орындады.

Сондай-ақ, оркестрдің сүйемелдеуімен белгілі халық әндері де шырқалды.

Ең қызығы, осынау ерекше кешке атсалысып, үлес қосқысы келген шетелдік азамат "Балбырауын" күйін орындап, қонақтарды таңғалдырды.

Қазақстанда тұратын ер адам ағылшын тілінен сабақ беретінін және осы елде өмір сүре тұра оның тілін, мәдениетінін білмеуді ұят санайтынын алға тартты.

Ағылшын азаматының айтуынша, ол өз бетімен домбыра шертуді үйреніп жүр екен.

Сонымен қатар, қайырымдылық кешіне Сәтжан Шаменов, Батыржан Мықтыбаев, Әсел Рақымжан, Әсет Жұмабаев, Әділхан Макин, Азамат Бекбергенов сынды өнер иелері қатысты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети