Қазақстан "Пресса бостандығы индексінде" 160-орын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Репортеры без границ" ұйымының баяндамасы 2016 жылдың 20 сәуірінде жарияланды. 180 ел енгізілген тізімді қоғам белсенділері журналистерге берілген еркіндік деңгейі негізінде жасады.

Репортерлердің құқығын бұзу дерегі барлық аймақта тіркелген. Еуропа 19,8 деген баға алса, Африкаға 36,9 деген баға берілді. Азияда 43,8 балл, Шығыс Еуропа - Орталық Азия аймақтары 48,4 балл алды. Ал Қазақстанға 2013 жылы оппозициялық газетті жауып тастағаны үшін 54,55 балл беріліпті.
Рейтингте алғашқы орынды Финляндия алды. Бұл ел 2010 жылдан бері тізімде көш бастап келеді. Екінші орында Нидерланды болса, үздік үштікке Норвегия енді.