Қазақстан әртістері Шереметьево әуежайында ресейлік жолаушыларды абдыратты

15 Желтоқсан 2017, 17:05
0
Қазақстан әртістері Шереметьево әуежайында ресейлік жолаушыларды абдыратты - Видеодан алынған кадр
Видеодан алынған кадр

Astana Musical әртістері Шереметьево әуежайында "Көзімнің қарасы" және "Қазақстан" әнін орындап, жолаушылардың көңілін көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қазақстандықтар Париж, Брюссель, Вена, Канны, Берлинде болып, Еуропа бойынша гастрольдік турнені Москеуде аяқтаған. Astana Musical тобының директоры Олжас Ыбраевтың сөзінше, Шереметьево әуежайында рейс 30-40 минутқа кешіккен. 

"Отырғандардың көңілін көтермек болды. Отанын да сағынды. Екі апта гастрольдік турнеде болдық. Алдымен бәрі таңғалды. Сөзін білетіндер қосылып айтты. Білмейтіндер таңданып отырды. Тіпті ресейлік бір әйел Қазақстанда ең дарынды әртістер деп мақтады", - дейді Ыбраев. 

 

Оның сөзінше, турнеге Қазақстанның 70 әртісі қатысты. Бұл ұжым жастардан құралған, ең үлкені 25-те. 

"Жас театр. Биыл екінші маусымды аштық", - деп түсіндірді Astana Musical ұжымының әкімшілік директоры.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай