"Қазақстан аруы-2015" Ақтауда Мәжіліс пен мәслихат сайлауында дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазақстан аруы-2015" Ақтауда Мәжіліс пен мәслихат сайлауында дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Өткен жылы Қазақстанның ең сұлу аруы атанған Әлия Мергембаева сайлауға тұңғыш рет қатысты, себебі ол биыл қаңтарда 18 жасқа толды. Ол дауыс беру үшін Ақтау қаласындағы №13 мектепте орналасқан №27 сайлау учаскесіне келді.
© Tengrinews.kz
"Бұл менің азаматтық парызым, себебі мен бірінші кезекте елімнің азаматшасымын. Енді мен сайлауға үнемі қатысатын боламын. Менің ойымша, сайлауға барлық тұрғындарымыз қатысуы керек, себебі сайлау бәріміз үшін - еліміздің болашақ дамуына деген әлеуметтік үлес", - деді сұхбат кезінде Әлия Мергембаева.
© Tengrinews.kz
Айта кетейік, Маңғыстау облысында 199 сайлау учаскесі ашылды. Өңірде 345 мыңнан аса сайлаушы тіркелген. Маңғыстау облысындағы сайлауды шамамен 300 бақылаушы бақылайды, олардың 13-і шетелдік.