Жыл сайынғы "Алтын жүрек" сыйлығының шеңберінде қазан айында қайырымдылық аукционы өтеді, ол шара барысында "Қазақстан аруы-2014" Регина Вандышевамен кешкі ас аукционға шығарылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жыл сайынғы "Алтын жүрек" сыйлығының шеңберінде қазан айында қайырымдылық аукционы өтеді, ол шара барысында "Қазақстан аруы-2014" Регина Вандышевамен кешкі ас аукционға шығарылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Аукционнан түскен қаржы Қазақстандағы балалар алаңқайының құрылысына жұмсалады. Қайырымдылық аукционында тағы мынадай лоттар ұсынылады: олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың қолтаңбасы бар футболка, "Милан" клубының футболшылары Кристиан Аббьяти мен Кэйсукэ Хонданың қолтаңбасы бар доп пен ірі ұялы байланыс операторларының "Алтын номерлері".
"Бауыржан" қорының директоры Жұлдыз Омарбекованың айтуынша, Қазақстанда аукцион жиі ұйымдастырылмайды және қайырымдылық саласындағы бұл сыйлық сол шараны ұйымдастыруға жақсы себеп. "Әлемде мұндай қайырымдылық аукциондары жетерлік. Атақты әртістер, спортшылар мен миллиондаған адамдардың піріне айналғандар оған белсенді түрде қатысады, өздерінің жеке, құнды заттарын құрбан етеді немесе уақыттарын бөледі, мысалы, лоттың жеңімпазымен кешкі ас ішуге барады. Сондықтан біздің қайырымдылық аукцион бірегей деп есептеймін", - деді Омарбекова.
Еске сала кетейік, "Алтын жүрек" сыйлығы осымен тоғызыншы рет өтеді. Ұйымдастырушылар еліміз бойынша қазақстандықтардың қайырымды істерін бақылайды. Аталымдар бойынша лауреаттарды тәуелсіз кеңес анықтайды, оның құрамында БАҚ, үкіметтік емес және коммерциялық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ, саясаткерлер, ғылым мен мәдениет қайраткерлері бар. Әр жылдары опера әншісі Роза Бағланова, бизнесмен-меценаттар Айдын Рақымбаев, Бауыржан Оспанов, қоғам қайраткері Аружан Сайын лауреат атанды.