04 ақпан 2018 | 09:35

Қазақстан азаматы арулардың сұлулық байқауында финалға жетіп, жігіт екенін мойындаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости / Сергей Пятаков © РИА Новости / Сергей Пятаков

Қазақстан азаматы әйелдерге арналған сұлулық байқауында жынысын өзгертпестен финалға дейін жетті, деп хабарлады РИА Новости агенттігі Sputnik Kazakhstan-ға сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан азаматы әйелдерге арналған сұлулық байқауында жынысын өзгертпестен финалға дейін жетті, деп хабарлады РИА Новости агенттігі Sputnik Kazakhstan-ға сілтеме жасап.

Агенттіктің хабарлауынша, Алматы тұрғыны Илай Дягилев сұлулық байқауында ақтық мәреге дейін жетіп, өзінің ер адам екенін мойындаған.

"22 жастағы Илай Дягилев Miss Virtual Kazakhstan байқауына қатысу үшін суреттерін Арина Әлиева деген атпен жолдаған. Алайда жігіт финалға шыққан соң өзінің әйел емес, ер адам екенін мойындап, ол байқаудан шығарылып, орнына басқа ару қатыстырылды", - делінген жарияланымда.

Жігіттің айтуынша, ол жағдайдың өршіп бара жатқанын сезген соң, мойындауға бел байлаған.

"Мен финалға дейін жеттім және жағдайдың ушығып бара жатқанын түсінгенде Арина Әлиева емес екенімді мойындайын деп шештім. Бастапқыда бүкіл Қазақстаннан 4 мыңға жуық өтінім түскен, ақыры мен финалға шықтым", - деді Дягилев. 

Жігіттің айтуынша, ол өз әрекетімен әйелдің табиғи сұлулығы мен дарынын насихаттағысы келген, себебі оның ойынша, қазіргі қыздарда бұл қасиеттер жетіспейді. 

"Мен және менің достарымның арасында сұлулыққа қатысты дау шықты. Ақыры, осы байқауға қатысамын деп шештім. Мен әрдайым табиғи сұлулықты жақтаймын. Қазір өздеріңіз де көріп жүрсіздер, көптеген қыздар бірсарынды, барлығы бірдей боянады, бірдей киінеді және солайша тренд қуса әдемі боламыз деп есептейді, мен олай ойламаймын", - деді жігіт.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети