04 қараша 2016 16:48

Қазақстан дұрыс тамақтанбайтын 5 елдің тізіміне енді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© steaklovers.menu © steaklovers.menu

Ресейлік басылым дұрыс тамақтанбайтын елдердің тізімін жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, тізімде 9 ел бар. Ал Қазақстан тізімнің 5-орнында тұр.


Ресейлік басылым дұрыс тамақтанбайтын елдердің тізімін жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, тізімде 9 ел бар. Ал Қазақстан тізімнің 5-орнында тұр.

Жарияланған тізімде Армения көш бастап тұр. Басылымның мәліметінше, Арменияда оқушылар мектепте нанмен, хот-догпен тамақтанып жүре береді екен. Сондай-ақ, тәтті тағамдардың елде үлкен сұранысқа ие екені айтылады.

Ал 2-орынға Венгрия тұрақтады. Басылымның мәліметінше, венгрлер арасында семіру көрсеткіші өте жоғары және Еуропа елдерінің тұрғындарымен салыстырғанда венгрлер тағамға тұзды көбірек қолданады екен. Осыған байланысты олардың өмір сүру ұзақтығы да қысқарады.

Айтып өткендей, Қазақстан тізімде 5-ші болып тұр. "Қазақтардың әдеттегі тамақтануы майлы еттен, сондай-ақ түрлі сүт өнімдерінен тұрады, - деп жазады басылым.

Ал дұрыс тамақтанбайтын елдердің тізімінде соңғы болып Америка тұр екен. Сондай-ақ, басылымның мәліметінше, Бельгия ас үйде картоп қолданудан көшбасшы ел атанып отыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети