© REUTERS
"Қазақстан гейлері Мәскеуде өтетін ЛГБТ-ойындарыдарының медальдары үшін сайысқа түспек. Алғашқы жарыстар Сочи Олимпиадасы аяқталған соң, 2014 жылдың 26 ақпанында жабық тәртіпте өтеді. Жарысқа АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Нидерландия, Қазақстан және Ресей елдерінен 180 спортшы қатысады" деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты Қазақстандық гейлер қатысатын бұл жарысқа Нидерландияның спорт министрі Эдит Схипперс және суға секіруден олимпиада ойындарының төрт дүркін чемпионы Грег Луганис келеді. Сондай-ақ, ұйымдастырушылар басқа да танымал тұлғалармен келіссөздер жүргізіп жатқан көрінеді. Барлығы сегіз спорт түрлері бойынша сайыс өтеді. Ресейде өткелі жатқан гей-ойындар бұған дейін АҚШ, Канада, Австралия, Ұлыбритания, Нидерландия, Дания, Бельгия мемлекеттерінде ұйымдастырылған. Ол ойындарға 70 елдің спортшылары қатысқан. Дегенмен, Қазақстандық гейлердің Ресейде өтетін гей-ойындарға қатысуы әзірге белгісіз. Хабардан белгілі болғаны, гей-ойындарды ұйымдастырушылар қаржылай көмек сұрап Ресей билігінен президенттік грант беруді өтінген. Алайда, олардың өтініші қанағаттандырылмады. Сондықтан да гей-ойындар ресейлік және батыстық гейлерден жиналған қайырымдылық қаражат есебінен өткізілетін болды. Ресей мемлекеттік Думасының депутаты Виталий Милонов гей-ойындарды сынға алды. Оның айтуынша, гей-ойындар тек жабық тәртіпте өткізілуі тиіс. Егер олар ашық алаңда жүгіретін болса, бұл – сұмдық болмақ. Бұған дейін қазақстандық гейлердің өмірлерінде қиындықтың көптігін, біржынысты некелерге рұқсат беру керек екенін айтқаны хабарланған болатын. Мәжіліс депутаттары мұндай өтінішті жаратылысқа қарсы деп, Қазақстанда гомосексуализмді насихаттауға тыйым салуға шақырады. Дегенмен, бүгінгі күні қазақстандық және олардың шет елдік әріптестері балалар арасындағы дәстүрлі емес қатынастарды интернет арқылы насихаттап жүр.
"Қазақстан гейлері Мәскеуде өтетін ЛГБТ-ойындарыдарының медальдары үшін сайысқа түспек. Алғашқы жарыстар Сочи Олимпиадасы аяқталған соң, 2014 жылдың 26 ақпанында жабық тәртіпте өтеді. Жарысқа АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Нидерландия, Қазақстан және Ресей елдерінен 180 спортшы қатысады" деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты
Қазақстандық гейлер қатысатын бұл жарысқа Нидерландияның спорт министрі Эдит Схипперс және суға секіруден олимпиада ойындарының төрт дүркін чемпионы Грег Луганис келеді. Сондай-ақ, ұйымдастырушылар басқа да танымал тұлғалармен келіссөздер жүргізіп жатқан көрінеді. Барлығы сегіз спорт түрлері бойынша сайыс өтеді. Ресейде өткелі жатқан гей-ойындар бұған дейін АҚШ, Канада, Австралия, Ұлыбритания, Нидерландия, Дания, Бельгия мемлекеттерінде ұйымдастырылған. Ол ойындарға 70 елдің спортшылары қатысқан. Дегенмен, Қазақстандық гейлердің Ресейде өтетін гей-ойындарға қатысуы әзірге белгісіз.
Хабардан белгілі болғаны, гей-ойындарды ұйымдастырушылар қаржылай көмек сұрап Ресей билігінен президенттік грант беруді өтінген. Алайда, олардың өтініші қанағаттандырылмады. Сондықтан да гей-ойындар ресейлік және батыстық гейлерден жиналған қайырымдылық қаражат есебінен өткізілетін болды. Ресей мемлекеттік Думасының депутаты Виталий Милонов гей-ойындарды сынға алды. Оның айтуынша, гей-ойындар тек жабық тәртіпте өткізілуі тиіс. Егер олар ашық алаңда жүгіретін болса, бұл – сұмдық болмақ.
Бұған дейін қазақстандық гейлердің өмірлерінде қиындықтың көптігін, біржынысты некелерге рұқсат беру керек екенін айтқаны хабарланған болатын. Мәжіліс депутаттары мұндай өтінішті жаратылысқа қарсы деп, Қазақстанда гомосексуализмді насихаттауға тыйым салуға шақырады. Дегенмен, бүгінгі күні қазақстандық және олардың шет елдік әріптестері балалар арасындағы дәстүрлі емес қатынастарды интернет арқылы насихаттап жүр.