"Қазақстан халқын қорлаған ең нәсілшіл фильм". Америкалық жазушы "Борат" туралы пікірін айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сурет: РИА Новости Сурет: РИА Новости

Америкалық жазушы және эссеист Нассим Николас Талеб "Борат" фильмі туралы пікірін білдірді. Философия докторы фильмді "тарихтағы ең нәсілшіл" картинаны деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Америкалық жазушы және эссеист Нассим Николас Талеб "Борат" фильмі туралы пікірін білдірді. Философия докторы фильмді "тарихтағы ең нәсілшіл" картинаны деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әзілдеп тұрсыздар ма? "Борат" - Қазақстан халқын ашық түрде қорлап отырған тарихтағы ең нәсілшіл фильм. Көптеген адам мәтіндегі сөзді дұрыс қолданбағаны үшін-ақ көпшілік алдында айыпталып жатады. Сонда "Сол жақтағылар" Саша Барон Коэнді және (фильм) авторларын Джулианиді (Дональд Трамптың жеке адвокаты - автор) сынға алса, жазасыз қалдыра ма?

Мен "Борат – пародия", "Қыңқылдама" және тағы басқа нәрселер жазғандардың барлығын бұғаттап тастады. Бірақ мені "пародияның" екіұшты стандарттары көбірек алаңдатады. Кей нәсілдерде осындай әзілдерге (ал шын мәнінде бұл - қорлау) жол берілсе, ал басқаларына болмаса, бұл расизмнің ең сорақы түрі.

Мен Қазақстанда бірнеше рет болдым. Әр жолы жергілікті тұрғындар бұл мәселені көтеріп, Бораттың (елдің) шынайы өкілі емес екенін, бұл фильмнің көп зиян келтіргені әділетсіз екенін және тағы басқа мәселелерді айтатын. Бірде мен Марат есімді жүргізушіні кездейсоқ Борат деп атап қойдым. Реакциясы ашулы болды", - деп қорытындылады Нассим Николас Талеб.

Нассим Николас Талеб - Ливаннан шыққан америкалық эссеист, жазушы, статистика маманы және бұрынғы трейдер, тәуекелдерді анықтайтын менеджер. Философия докторы, "Қара аққу" теориясының авторы. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.11  course up  594.5  course up  6.34  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro