10 ақпан 2014 09:54

Қазақстан олимпиадашыларының киімі таңдаулылар тізіміне енді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақстанның Олимпиада құрама командасы спортшыларының "Сочи-2014" Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында киген костюмдері таңдаулылар тізіміне енді" деп хабарлайды Tengrinews.kz Sports.ru сайтына сілтеме жасап. Қазақстан спортшыларының костюмдері сәнді, ығайлы, дәлдігімен журналистердің есінде қалды. Сондай-ақ Бермуд және Кайман аралдары спортшыларының шолақ шалбарлары, Германия құрамасының түрлі-түсті киімі, Ұлыбритания ойыншыларының құлақшыны, АҚШ құрамасының жұлдызды-жолақты костюмі, Швед спортшыларының шалбары, Тонга Бруно Банани елінің жалғыз спортшысының костюмі есте қалыпты. "Сочи-2014" XXII Қысқы Олимпиада ойындарының жарысы ақпанның 8-күні басталды. "Сочи-2014" ойындары бірнеше рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Сочи Олимпиядасына 88 мемлекет қатысып отыр. Бұл көрсеткіш Ванкувер олимпиадасымен салыстырғанда 6 мемлекетке артық. Сонымен қатар Сочиде 98 медальдар топтамасы сарапқа салынады, ал 2010 жылғы олимпиада ойындарында 12 медальдар топтамасы кем ойнатылған еді. Сочи Олимпиадасы 23-ақпанға дейін жалғасады. Естеріңізге салсақ, қазақстандық спортшылар Сочи Олимпиядасына 58 лицензия жеңіп алған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети