06 ақпан 2021 | 17:27

Қазақстан тумасы Украинаның еңбек сіңірген жаттықтырушысы атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кикбоксингтен Украина мен Еуропаның бірнеше дүркін чемпионы, 20 жылдық тәжірибесі бар жаттықтырушы Николай Әкімжанов "Украинаның еңбек сіңірген жаттықтырушысы" атағына ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Кикбоксингтен Украина мен Еуропаның бірнеше дүркін чемпионы, 20 жылдық тәжірибесі бар жаттықтырушы Николай Әкімжанов "Украинаның еңбек сіңірген жаттықтырушысы" атағына ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Спортшыға тиісті куәлігін Украинаның жастар және спорт министрі Вадим Гутцай салтанатты түрде табыс етті.

Николай Әкімжанов Алматы облысында дүниеге келген. Әкесі Катонқарағайдан. Отбасында Николайдан басқа тағы үш ұл мен екі қыз бар. 1985 жылы отбасы Украинаға көшіп кеткен, Әкімжановтың бүкіл саналы өмірі сонда өтті.

"Әскерге барғанымда балалардың ешқайсы спортқа қызықпайтынына және жаттықпайтынына қатты таңғалғанмын. Анамнан бокс қолғаптарын жіберуді өтіндім, сөйтіп бірнеше айдан кейін барлығы жаттыға бастады", - дейді Николай.

Дәл сол кезде ер адам спортқа қызығушылық танытып, көп ұзамай бұл оның өмірінің бір бөлігіне айналған.

2011 жылы Николай жол апатына түскен. Көп жері сынып, бас сүйегінің 30 пайызы болмаған. Спортшы 21 күн комада жатқан. Дәрігерлер жазылмайды десе де, Николай екі ай емделгеннен кейін ауруханадан шығып, өзі мүгедектер арбасында отырып балаларды жаттықтыруға кіріскен. Кейіннен қайта жүруді үйреніп, бірте-бірте қалыпты өмірге оралған. 

"Емдеуге көп ақша қажет болды, туыстарым мен достарым көмектесті. Ауруханада жатқанда көмектесетін ешкімі жоқ қаншама науқас бала бар емес пе деген ойлар келетін. Осылайша аяққа тұрып, оларға көмектесе бастаймын деген шешімге келдім!", - деп еске алды Николай.

Осылайша "Украина үшін - аурусыз балалар" атты қайырымдылық жобасы пайда болған. Бұл - турнир, оның мақсаты белгілі бір баланы емдеуге қаражат жинау.

Қайырымдылықтан бөлек, Николай қоғамды спортқа баулумен айналысады. 

Николай Әкімжанов күнде таңғы сағат 4-те тұрады, бірінші топ жаттығуға жетіге келеді. Содан кейін тағы бірнеше тобы бар. Күнде осылай, демалыссыз. Николайдың шәкірттері арасында Украина, Еуропа және әлем чемпиондары бар.

"Менен "Сен емес оқушыларың әлем чемпионы атанды, өкпең жоқ па?" деп жиі сұрайды. Керісінше оқушы мұғалімінен асып түскені керемет", - дейді Әкімжанов.

Сондай-ақ, Николай болашақ чемпиондарды Отанында жаттықтыру үшін Қазақстанда спорт мектебін ашуды армандайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети