©Нұрғиса Елеубеков
Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің көшпелі отырысында депутат Гүлмира Исимбаева мектеп бағдарламасы жаңа бола тұра кей пәнді оқытатын оқулық жоқтығын алға тартты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Халық қалаулысының пікірінше, биылғы оқу жылында республикадағы мектептер Үкімет қаулысымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары және ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітіліген орта мектептерге арналған оқу бағдарламасы негізінде білім беріп келеді. Алайда бұл құжаттар оқулықтар жарыққа шыққаннан кейін ғана қабылданып, кейбір пән бағдарламалары мен оқулықтар арасындағы өзара алшақтықтар сезіліп отыр. "Мысалы, жаңа бағдарлама негізінде жаратылыстану-математика бағыты бойынша жоғары сыныпқа арналған Қазақстан тарихына 68 сағат қарастырылса, оқулықта материалдар 34 сағатқа есептелінген. Бұл дегеніміз екі есе кем деген сөз. Одан бөлек, 19 тақырыпқа қатысты материал түбегейлі жоқ. Сондай-ақ, жаңа бағдарламада Дүниежүзі тарихын оқу қарастырылса да, әлі оқулығы жоқ. Гуманитарлық бағыттағы кітаптарда да осы жағдай қайталанып отыр. Жаңа бағдарлама болғанымен, оқулығы шықпады", - деді депутат Г.Исимбаева. Белгілі болғаны, жоғары сыныпқа арналған "Адам және қоғам" пәні бойынша да 16 сағатқа арналған материал бар болғанына қарамастан 36 сағат оқыту көзделген. Ал 11-сыныпқа арналған "Қазіргі заман тарихы" пәнінің оқулығы атымен жоқ. Депутат өз сөзінде биология оқулықтары бойынша жағдайдың қиын екендігін айта келе, бағдарлама жаңа бола тұра оқулықтардың әлі күнге ескі екендігін тілге тиек етті.
Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің көшпелі отырысында депутат Гүлмира Исимбаева мектеп бағдарламасы жаңа бола тұра кей пәнді оқытатын оқулық жоқтығын алға тартты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Халық қалаулысының пікірінше, биылғы оқу жылында республикадағы мектептер Үкімет қаулысымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары және ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітіліген орта мектептерге арналған оқу бағдарламасы негізінде білім беріп келеді. Алайда бұл құжаттар оқулықтар жарыққа шыққаннан кейін ғана қабылданып, кейбір пән бағдарламалары мен оқулықтар арасындағы өзара алшақтықтар сезіліп отыр.
"Мысалы, жаңа бағдарлама негізінде жаратылыстану-математика бағыты бойынша жоғары сыныпқа арналған Қазақстан тарихына 68 сағат қарастырылса, оқулықта материалдар 34 сағатқа есептелінген. Бұл дегеніміз екі есе кем деген сөз. Одан бөлек, 19 тақырыпқа қатысты материал түбегейлі жоқ. Сондай-ақ, жаңа бағдарламада Дүниежүзі тарихын оқу қарастырылса да, әлі оқулығы жоқ. Гуманитарлық бағыттағы кітаптарда да осы жағдай қайталанып отыр. Жаңа бағдарлама болғанымен, оқулығы шықпады", - деді депутат Г.Исимбаева.
Белгілі болғаны, жоғары сыныпқа арналған "Адам және қоғам" пәні бойынша да 16 сағатқа арналған материал бар болғанына қарамастан 36 сағат оқыту көзделген. Ал 11-сыныпқа арналған "Қазіргі заман тарихы" пәнінің оқулығы атымен жоқ.
Депутат өз сөзінде биология оқулықтары бойынша жағдайдың қиын екендігін айта келе, бағдарлама жаңа бола тұра оқулықтардың әлі күнге ескі екендігін тілге тиек етті.