26 тамыз 2014 | 15:43

Қазақстанда отбасын қолдау институтын енгізу жоспарланып отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©deti.mail.ru ©deti.mail.ru

Қазақстанда отбасын қолдау институтын енгізу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыповаға сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда отбасын қолдау институтын енгізу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыповаға сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз отбасын қолдау институтын енгізу мәселесін қарастырып жатырмыз. Бұл арада біз отбасын құрғаннан бастап жас жұбайларға дені сау әрі мықты баланы дүниеге әкелуге көмектесу жайын айтып отырмыз. Бұл арадағы мақсат - бір: қоғамның сау-саламатты болуы", - деді Жақыпова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ ол Қазақстанда үкімет құрамы қайтадан жасақталғаннан кейін әлеуметтік жұмысшы мәртебесі де өзгеретінін айтты.

"Мемлекеттік басқару реформасы жүргізілді, соған сәйкес екі министрлік бірігіп Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігі болды. Бұл арада министрлік құрылымы орталық аппарат деңгейінде қарастырылғанын баса айта кетелік. Бізде жаңа департамент құрылды - Арнайы әлеуметтік қызмет департаменті. Сіздерге оның директоры Ажар Тілеуғалиеваны таныстыра отырайын, ол денсаулық сақтау министрлігінің алдыңғы қатарлы департаментін басқаратын болады. Бүгін ол әлеуметтік жұмысшылар институтын толықтай қайтадан құрып, алғышарттарын белгілеуі тиіс", - деді Жақыпова.

Оның айтуынша, бұл арада интеграцияланған модель жайында сөз боп отыр. "Әлеуметтік жұмысшының рөлі үлкен болғандықтан, оның мәртебесі асқақтай түседі. Біз кәсіби білігін арттыру курсынан өткен, білікті әлеуметтік жұмысшылар туралы айтып отырмыз. Жылына бізге кем дегенде 400 адам білігін жетілдіруге келеді. Енді біз интеграцияланған модель бойынша жұмыс істейміз, сондықтан әлеуметтік жұмысшының кәсіби бағытын ажыратып жатудың қажеті болмайды, мәселен, денсаулық сақтау саласының әлеуметтік қызметкері дегеніміз әлеуметтік саланың да әлеуметтік қызметкері боп табылады, олар әмбебап болуы тиіс. Қазір жергілікті аумақтарда мекеме бойынша бөлініс жүріп жатыр, денсаулық саласының әлеуметтік қызметкерлері сол күйі өз саласында жұмыс істеп жатыр. Бұл - таяу болашақта шешілетін мәселе" деді ол.  

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети