Қазақстандық пранкерлер тағы бір эксперимент жасады, бұл жолы олар көшедегі адамдардың сөмке тонау әрекетіне қандай реакция көрсететінін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандық пранкерлер тағы бір эксперимент жасады, бұл жолы олар көшедегі адамдардың сөмке тонау әрекетіне қандай реакция көрсететінін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Пранкерлер әлеуметтік экспериментте сөмке тонаған кезде адамдардың қандай іс-әрекет жасайтынын анықтағысы келгенін түсіндірді. Эксперимент қала көшелерінде жасалды. Жаяу жүргінші жолында кетіп бара жатқан қыздың сөмкесін белгісіз біреу жүгіріп келіп, алып қашады. Пранкерлер қорытынды жасап, нәтижеге көңілдері толмағанын айтады. "Адамдардың 70 пайызынан астамы дым болмағандай кете берді, кейбіреулер шетке кетіп қалып жатты, ал біреулері болып жатқан жағдайды көрмегендей болды. Бірақ біз кейбір адамдардың көмекке келіп, ниет көрсеткенін бақыладық", - деді олар.
Бұған дейін қазақстандық пранкерлер түсіп қалған әмиян туралы эксперимент жасап, адамдардың 100 пайызы көмекке дайын екенін анықтаған еді.