Сурет vesti.kz сайтынан алынған
"Қазақстандағы ең қарт кейуана Жамбыл облысында тұрады. 2014 жылы оның жасы 118-ге толды" деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Статистика агенттігіне сілтеме жасап. Балакүл Балтабаева 1896 жылы туған. Қазақстандық ең қарт кейуана Талас ауданының тұрғыны. Сонымен қатар статистика агенттігінің дерегі бойынша, Қазақстанда жасы жүзден асқан 649 қарт адам бар екен. Олардың ең көбі - 115 қария Оңтүстік Қазақстан облысында тұрса, Алматы қаласы мен Алматы облысында тиісінше 91 және 85 қарт тұрады екен. Ал жасы жүзден асқан 10 қарт кейуана Астана тұрғыны болып табылады. 2013 жылдың басында Қазақстанда тұратын, жасы жүзден асқан қарттар саны 944 болған болса, оның ішінде 649-ы әйелдер, 295-і ерлер. Естеріңізге салсақ, бұған дейін Қазақстандағы ең қарт адам атағына Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны үміткер болған еді. 115 жастағы қарт әже Ұлбала Бейсенова Қазығұрт ауданында тұрады.
"Қазақстандағы ең қарт кейуана Жамбыл облысында тұрады. 2014 жылы оның жасы 118-ге толды" деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Статистика агенттігіне сілтеме жасап.
Балакүл Балтабаева 1896 жылы туған. Қазақстандық ең қарт кейуана Талас ауданының тұрғыны.
Сонымен қатар статистика агенттігінің дерегі бойынша, Қазақстанда жасы жүзден асқан 649 қарт адам бар екен. Олардың ең көбі - 115 қария Оңтүстік Қазақстан облысында тұрса, Алматы қаласы мен Алматы облысында тиісінше 91 және 85 қарт тұрады екен. Ал жасы жүзден асқан 10 қарт кейуана Астана тұрғыны болып табылады.
2013 жылдың басында Қазақстанда тұратын, жасы жүзден асқан қарттар саны 944 болған болса, оның ішінде 649-ы әйелдер, 295-і ерлер.
Естеріңізге салсақ, бұған дейін Қазақстандағы ең қарт адам атағына Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны үміткер болған еді. 115 жастағы қарт әже Ұлбала Бейсенова Қазығұрт ауданында тұрады.