Қазақстандағы сирек есімдер аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандағы сирек есімдер аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметіне сәйкес, елімізде Ромео, Царь, Эдельвейс, Теңіз, Саша Александр Людовик, Қошкелді, Кришна сияқты ерекше есімді адамдар бар екен.
Ал Қазақстандағы нәзік жандыларға ең сирек кездесетін есімдер қойылады екен. Мысалы, Бриллианта, Василиса-Мейірім, Венеция, Қасиет-Раббым, Клеопатра Алина, Мишель Виктория, Нина Жания Кулянда, Октавия, Періште, Сюзаннавиктория, Эдельвейс, Теңіз.
Сонымен қатар, еліміздің ер азаматтары да қойылған ерекше есімдерімен мақтана алады: Абдусаиднұрисламхан, Адам Арман, Ақсақал Арыстанбек, Еділжайық, Ислам-Билял-Али, Кайраткер, Керімзат, Қошкелді, Кришна, Өміржалғас, Ромео, Саммидастана, Саша Александр Людовик, Тараз, Хазретсұлтан, Царь, Шаһ, Эверест, Адал би.
Айта кетейік, ҚР ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметінше, Қазақстанда Гагарин есімді 33, Мәслихат есімді 27, Мәжіліс есімді 21, Нұрлыжол есімді 13, Нұротан есімді 9, Сенат есімді 7, Партия есімді 7, Комсомол есімді 7, Отан есімді 142, Маркс есімді 225, Сайлау есімді 2631 және Сайлаукүл есімді 838 адам бар екен.