Zarakamash есімді блогер қазіргі кезде өзін тоқал санап жүрген қыздардың көбісі шындап келгенде ашына ролінде екендігін айтады. Бұл туралы ол Yvision.kz блог-платформасында жазды.
Zarakamash есімді блогер қазіргі кезде өзін тоқал санап жүрген қыздардың көбісі шындап келгенде ашына ролінде екендігін айтады. Бұл туралы ол Yvision.kz блог-платформасында жазды.
Блогер қазнетте көптеген пікірталастардың себебі болған "Тоқалдың шынайы әңгімесі" атты блогқа қатысты ойын жазған. "Менің ойымша ол өзін көрсеткісі келетін адам емес, - деп бастайды сөзін "Тоқал мен ашынаның айырмашылығы" деген тақырыптағы блогында Zara нигімен тіркелген блогер. "Тоқал, теңқұқылы екінші әйелдің ашынадан айырмашылығы қандай? Жауабы сұрақтың өзінде жартылай көрсетілген - құқығы бар болғандығымен".
Осы мәселені ол заңнама аясында пайымдап тарқатуға тырысқан. Айтуынша, бүгінде заң бойынша тек бір ғана әйел (заң бойынша неке қиюға) алуға болады. "Ол (әйел) барлық заңды құқықтарды иеленеді және осы жерде заң шығарушы бұл мәселенің шешімі ретінде нүкте қойған", - дейді ол .
Сонымен Zara есімді блогердің пайымдауынша, Тоқал мен ашынаның бірінші айырмашылығы - тоқал өзін мойындауына құқылы. "Бұл дегеніміз жасырын кездесулер, конспирация және бас ауыртулар емес, бұл дегеніміз туған-туыстары мен достарының ортасында ресми түрде ер адаммен әйел адамның мәртебесінің өзгеруі туралы жарияланған салтанатты іс-шара. Қарапайым той секілді. Болашақта да "Таныс болыңыз, бұл менің екінші әйелім -Жәмилә" дегенге ешкім таң қалмауы тиіс. Ашығын айтқанда, біздің қауым мұндайға дайын емес, сондықтан осы жағдайды идиллиялық деп айтуға болады", - дейді ол.
"Екіншіден, тоқал өзінің күйеуінен толығымен материалдық қамтамасыз етуді талап етуге құқылы. Өзімен деңгейлес заңды әйелге тиесілі заттарға олда тиесілі болуға құқылы. Заңды әйелде - үй, тоқалда да - үй. Заңды әйелде қымбат әшекей бұйымдар жәнебанкте есп шоты болса, тоқалда да ол заттар болуы тиіс. Осы орайда, тепе-теңдік принціпі сақталуы тиіс: біреуінікі біреуінен жақсы не төмен болмауы керек. Мүліктер әртүрлі болуы мүмкін, алайда материалдық құндылығы - бір деңгейде болу керек", - деп пайымдайды блогер.
Үшіншіден, блогердің пікірінше, тоқал ана болуға құқығы бар және балалары ер адамның заңды балалары болып саналады (бұл мәселе қуанышқа орай заңда қарастырылған - әкелік парызды мойындап және арыз жазса жеткілікті).
Төртіншіден - тоқал ауыруға құқылы немесе жаман көңіл күйде бола алады. Ол кез келген уақытта күндіз түні секс-символ болуға және жеңіл мінез танытуға міндетті емес. Қысқасы, заңды әйел секілді миын ашытуға құқығы бар.
Бесіншіден, тоқал өзінің айналасындағылардың сыйлауына құқығы бар екен. Ол ашына да, жезөкше де емес. Ол ер адамның әйелі, оның балаларының анасы.
Осыдан кейін автор өз тұжырымына баға беріп, тоқал болудың жақсы жақтарын айтады: "Не деген жақсы анықтама! Заңды әйел мәртебесін иелену арқылы, тоқал автоматты түрде жағымды кездесулер үшін арналған әйел ролінен босатылады - оның мойнына күнделікті тұрмыстық ауырпашылық түседі: үй, жаңа туыстармен қарым-қатынасқа түсу, балалар пайда болған кезде - мейрамханаға бару, кешкі қыдыруларға уақыт та болмайды. Жасырын әрі құмар кездесулер болмайды. Адреналин - жоқ. Барлық адам секілді - тұрмыс, күнде қайталанып жасалатын істер...".
"Жалпы тоқал мәселесіндегі кереғар сұрақтарды блогер өзі қойып, сол сұрақтарына жауап береді - "Қызғанышты, абырой және тәкаппарлықты қайтеміз деп сұраймысыз? Заңды әйелге де, тоқалға да бір жауап: мұның барлығы болмашы дүние. Қызғаныш - бұл зиянды әрі бүлдіргіш эмоция. Аз мөлшерде ол құмарлықты туғызады, ал үлкен көлемде - ең шынайы сезімнің өзін өшіруі мүмкін. Қатты және бақылаусыз қызғанышты ауру ретінде емдеу қажет. Өзін-өзі бағалау немесе абырой - бұл тек өзіңе мән беру құндылығы. Сіз өзіңізді маңызыңыз бар екендігінен бас тартпайсыз ғой? Маңызды болу ешқандай мәртебеге байланысты емес. Ол тек өзіңізге берілген субъективті пікіріңізге байланысты", - дейді автор блогында.
"Тәкаппарлық - бұл жақсы ештеңе емес. Кішкентай да үлкен де мөлшерде. Эгоизмге жол ашады және тура ойлау қабілетіне зиян келтіреді", - деп тұжырымдайды Zara.
Ойын тарқата келе, автор соңында осындай жағдайда заңды әйел не істеуі керек, тоқал не істеуі керек, ашына ролінде жүрген қыздар не істеуі керек және ер адамға не істеуі керектігі жөнінде ұсыныстар айтады: "Екінші әйел ретінде келген бәсекелестің оң жақтары көп - сен әрдайым тонуста боласың және денеңді, ақылыңды және жаныңды жетілдірумен боласың. Сондай-ақ басқа бір нұсқа бар - ол достасу, және бұл ең мықтысы. Егер екі ақылды әрі дана әйелдер қосылса, онда ер адам біріншіден олардан ешқайда кетпейді және де бейбіт көмектің арқасында тау қопарады. Ол олардың және балаларының бақыты үшін барлығын жасайды. Егер тоқалдың құқығы бар болса онда міндеттері де қатар жүреді. Бұл жерде ештеме жазып керек емес - заңды әйел не істесе соны жасау. Ал, ашына дегеніміз кім? Өкінішке орай бұл жоғарыда айтылғандардың ешқайсысына ие емес әйел немесе осы айтылғандардың біреуі рұқсат етілмегендер (ол оны қалайды). Осыған байланысты шешім шығарыңыздар", - дейді автор.
Айтуынша, "нағыз тоқалдар елімзде өте аз". "Ерлер өздеріңізді үмітпен алдандырып жасырын кездесіп жүрген қыздарыңызға - тоқал дәрежесін беріп, алдамаңыз. Ашыналар, айырмашылықты байқап өзіңіз шешіңіз: осы сізге керек пе?.. Әйелдер, әлемді сұлулық құтқармайды. Әлемді тек әйелдің шыдамдылығы құтқарған. Қайғымызға не қуанышқа орай", - деп аяқтайды блогер өз жазбасын.
Еске салайық, қақстандық танымал Yvision.kz блог-платформасында Дана (Dana1992) есімді қолданушының блогы Желіде дау шығарған еді. Автор үйленген әрі бақуатты ер адамның тоқалы екенін ашық мойындайды. Алайда ол бұл ісіне еш ұялмайтынын жазады.