Қазақстандық Дубайда лотереядан миллион доллар ұтып алды

10 Қыркүйек 2015, 10:55
1
Қазақстандық Дубайда лотереядан миллион доллар ұтып алды - © online.dubaidutyfree.com
© online.dubaidutyfree.com

Қазақстандық Дубайдағы Millennium Millionaire лотереясында миллион доллар ұтып алды. Ұтыс ойынын Dubai Duty Free салықсыз сауда дүкені өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі дүкеннің ресми сайтына сілтеме жасап.

Лотерея 2015 жылдың 25 тамызында болып өтті. Омар Самаликовтың лотерея өткізу тарихында жеңімпаз болған бірінші қазақстандық екені айтылады. Ол лотереяның 198-ші тиражында ұтты. Номері 0529 деген билет Dubai Duty Free ресми сайтында 1000 дирхемге (278 доллар) сатып алынған. Қазақстандық ұтыс ойынының рәсіміне қатыспады және "бұл туралы білсе қатты таңғалатын болуы керек" делінеді.

Millennium Millionaire лотереясында люкс автомобильдерінің ойнатылғаны хабарланып отыр. Мәселен, Ирак тұрғыны Porsche Panamera ұтып алды, ал Сауд Арабиясынан келген қонақ Ducati Streetfighter 848 спорткарын ұтты.

Айта кетейік, Dubai Duty Free өткізетін лотерея бір реттік акция ретінде миллиениум қарсаңында басталған. Бірақ кейін оны дәстүрлі түрде өткізіп отыру туралы шешім шығарылыпты.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай