1. Басты
  2. Біл
  3. Өмір
  4. Бір үзік

Қазақстандық кәсіпкердің туған күнінде Николь Шерзингер ән салды25 қыркүйек 2014, 10:00

Қайрат Боранбаев (солдан оңға қарай екінші) туған күнін Лондонда атап өтті. © baigali_astudio Қайрат Боранбаев (солдан оңға қарай екінші) туған күнін Лондонда атап өтті. © baigali_astudio

Өткен жексенбіде қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаев өзінің 48 жасқа толған туған күнін Лондонның элита аудандарының бірі Мейфэйрде атап өтті. Қалталы кәсіпкердің туған күніне Pussycat Dolls тобының бұрынғы әншісі Николь Шерзингер, ресейлік әншілер Дима Билан, Митя Фомин, Арман Дәулетияров және Байғали Серкебаев арнайы шақырылыпты, - деп хабарлайды Daily Mail

"ҚазРосГаз"-дың бұрынғы бас директоры америкалық әншіге 100 мың фунт стерлинг (164 мың доллар) төлеген. 36 жастағы поп-жұлдыз үш сағат бойы бизнесменнің жақындары мен достарынан құралған шағын компанияның көңілін көтерумен болды. Ол  Don't Cha, Your Love және тағы басқа хит әндерін орындады. 

Кеш соңында мерекелік кештің қонақтары өздерінің жұлдыздармен түскен суреттерін Instagram парақшаларына жариялап, мақтанумен болды. 

Қайрат Боранбаев 1966 жылы 22 қыркүйекте Торғай облысы Амангелді ауылында дүниеге келді. Ол 1989 жылы Қазақ дене шынықтыру институтын, 2000 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды бітірген. 2006-2014 жылдар аралығында қазақстандық-ресейлік компания  "ҚазРосГаз" компаниясының бас директоры қызметін атқарды. 2014 жылдың қаңтар айында басқа қызметке ауысуына байланысты "КазРосГаз"-дан кетті. 

Қайрат Боранбаев "Қайрат" футбол командасының бақылаушылар кеңесінің төрағасы. 


Елордада IT-кеңес құрылды