19 қараша 2015 | 10:08

Қазақстандық қолы жоқ ұл бала өзін асырап алған канадалық қолсыз атасымен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Inside Edition © Inside Edition

Қолы жоқ баланың қолы жоқ атасымен кездескен сәті түсірілген суреттер Интернет қолданушыларын ерекше сезімге бөледі, - деп жазды Inside Edition басылымы. Қазақстандық 4 жастағы Кириллді канадалық отбасы асырап алды.


Иконка комментария блок соц сети

Қолы жоқ баланың қолы жоқ атасымен кездескен сәті түсірілген суреттер Интернет қолданушыларын ерекше сезімге бөледі, - деп жазды Inside Edition басылымы. Қазақстандық 4 жастағы Кириллді канадалық отбасы асырап алды.

Даг пен Лесли Фэйсилер ұл баланың суретін тұңғыш рет 2012 жылы көріп, оның болашақ сәбилері екенін бірден түсінген, себебі олардың отбасында қолсыз туған бір адам бар, ол Дагтың әкесі - Крис. Канадалық отбасы баланың жаңа атасы оған үлгі болып, екеуі міндетті түрде тіл табысады деп шешті.

Бұл жұп баламен бірінші рет маусым айында Қарағандыда кездесіп, қыркүйекте Канадаға алып кетті. Бала Канадаға ұшып келгенде оны әуежайда Крис күтіп тұрған. Ол бір тізесін бүгіп, Кириллмен амандасты. "Олар кездескенде Кирилл өзінің әлемдегі жалғыз қолды адам емес екенін түсінді. Атасымен екеуінің арасында ерекше байланыс пайда болды", - деді Даг Фэйси.

"Әрине, Кириллдің Канадаға келгеніне бар болғаны екі ай болды, ол әзірше барлығын игеріп, атасымен жақын танысып жүр, бірақ ол әр кездесуі үшін қатты қуанады", - деді Даг. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети