02 шілде 2021 | 11:07

Қазақстандық қыз АҚШ-тағы ең ірі сұлулық байқауында ел намысын қорғайды

Дина Әмір АҚШ-та өтетін ірі халықаралық сұлулық байқауы - Miss World International-да Қазақстан атынан өнер көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Байқау 8 және 11 тамыз аралығында Майамиде өтеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Дина Әмір АҚШ-та өтетін ірі халықаралық сұлулық байқауы - Miss World International-да Қазақстан атынан өнер көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Байқау 8 және 11 тамыз аралығында Майамиде өтеді.

Дина қазақстандық ІТ-компанияларда 7 жыл маркетолог болып жұмыс істеген. Қазір акция және қаржы нарығында инвестициямен айналысады. АҚШ-қа бір жарым жыл бұрын көшкен. Бүгінде магистратураға түсуге дайындалып жатыр. Байқау жайлы Дина Instagram арқылы біліп, өтініш берген.

Реклама
Реклама

"Кастинг бірнеше кезеңнен тұрды. Мотивациялық хат, фото және видео жіберу керек болды. Жартылай финалға Орталық Азиядан 8 қыз өтті. Нәтижесінде финалға мен таңдалдым. Жеңіске деген мүмкіндігімді жоғары санаймын, себебі кастинг кезінде мені ерекшелеп айтып, ұйымдастырушылар көп көмектесті", - дейді ол.

Жарыс үш күн болады. Бұл - дәстүрлі дефиле, сұхбат және реалити форматы. Дина Әмірдің айтуынша, бұрын сұлулық жарыстарына қатысып көрмеген. Киім брендтері үшін модель ретінде суретке түскен. Miss World International-ға өзін көрсетіп, жаңа таныстар табу үшін қатысуды ұйғарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная