Қазақстандық оқушылар тегін онлайн шахмат мектебіне ие болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қазақстандық оқушылар тегін онлайн шахмат мектебіне ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық оқушылар тегін онлайн шахмат мектебіне ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда балаларға арналған шахмат бойынша оқыту курсы іске қосылды. Оны әйелдер халықаралық гроссмейстері, еліміздің бірнеше дүркін чемпионы, Азия чемпионы, Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының қола жүлдегері, ұлттық құраманың мүшесі Гүлмира Дәулетова жүргізеді.

Оның шахмат мектебі әрқайсысы орта есеппен 10 минуттан тұратын 24 бейнесабақтан құралады. Егер бірінші шығарылымда оқушыларды шахмат тақтасымен және фигуралардың қалай жүретіндігімен таныстырса, курс аяқталғаннан кейін оқушылар күрделі тактикалық комбинацияларды жүзеге асыруды және эндшпиль позицияларын ойнауды үйренеді.

"Қазақстанда бұл бастаманың баламасы жоқ, бұл жүйе бойынша тек балалар ғана емес, ересектер де тегін оқи алады. Бұл ресурс адамдардың интеллектуалдық дамуына септігін тигізеді деп сенемін", - деп есептейді халықаралық гроссмейстер және тәжірибелі жаттықтырушы Рустам Хуснутдинов.

Онлайн мектепті құрушылар жоспарлап отырғандай, оқу аяқталғаннан кейін әрбір оқушы позицияны дұрыс бағалап, талдай алады, оның нюанстарына сүйене отырып, стратегиялық шешімдер қабылдай алады, тіпті өмірлік қиын жағдайларда да шешім таба алатын болады.

"Мемлекеттік тілдегі алғашқы сабақты біз YouTube-те #ДругойТы арнасында жарияладық, оны МЫНА СІЛТЕМЕ бойынша көруге болады. Содан кейін бейнесабақтар орыс тілінде пайда болады. Біз оларды апта сайын жариялаймыз, сондықтан кез-келген адам бәрін жақсы үйренуге және жаттығуға мүмкіндік алады. Сабақтарды Instagram парақшамда да қосымша орналастырамын", - деді Гүлмира Дәулетова.

Бейнесабақтар #ДругойТы мультиспортты арна құрылған және Академик Шахмардан Есенов ғылыми-білім беру қорының "Мектептегі шахмат" республикалық бағдарламасының онлайн нұсқасы болып табылады. Онлайн мектеп жоба аясында шығарылған әдістемелік құралдарды, оқулықтар мен жұмыс дәптерлерін толықтырады. Г. Дәулетова – әдістемелік құралдардың авторы. Бұған дейін оларды Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі еліміздің жалпы білім беретін мектептерінде пайдалану үшін ұсынған болатын. Олар бойынша республиканың 205 мектебінің 15 мыңнан астам оқушысы білім алуда.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro