Қазақстандық пианиношы қыз Шолпан Шарбақова-Миллер әйгілі "Вечерний Ургант" шоуына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандық пианиношы қыз Шолпан Шарбақова-Миллер әйгілі "Вечерний Ургант" шоуына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Эфир ресейлік театр және кино әртісі Дина Корзунның "Жұлдызды бала" қайырымдылық қойылымының таныстырылымына арналды. Шарбақова-Миллер қойылымның әнмен әрленуіне жауапты болды.
"Иван Ургант бізді Дина Корзунмен бірге бағдарламасына шақырды. Онда ертең Мәскеудегі EtCetera театрында қойылатын "Жұлдызды бала" ертегісі туралы айттық. Дина - менің жақын құрбым. Біз онымен екі жылдан бері қайырымдылық негізінде жұмыс істеп жатырмыз. Бірге концерт қойып, ауру балалардың еміне ақша жинаймыз", - деді Шарбақова-Миллер Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында.
Айта кетейік, "Вечерний Ургант" шоуының кезекті шығарылымы жергілікті уақыт бойынша бүгін, 16 наурызда сағат 23.40-та көрсетіледі.