Қазақстандық волейболшы "Вьетнам телевизиясы аруы" атанды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық волейболшы "Вьетнам телевизиясы аруы" атанды ©vksport.kz

Өскемендік "Алтай-2" волейбол командасы Вьетнам телевизиясы Кубогында соңғы орынды алып, сәтсіз өнер көрсетті. Дегенмен командадағы Динара Сыздықова сыйлықсыз қалмады. Ол турнирдегі ең әдемі қыз атанды, - деп хабарлайды vksport.kz тілшісі. 

Турнир барысында журналист, жаттықтырушы және команда мүшелері ең әдемі волейболшыны таңдап отырды. Бұл VTVCup-тың ерекшелігі болып шықты. Дауыс беру нәтижесі 10 шілдеде жарияланды.   

Көбі Динара Сыздықованы "Тақтар ойынындағы" Дейнерис Таргариенге ұқсатты. 

Волейболшы жеңімпаз лентасын, титул иесі тәжін және 300 АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйлық алды.

Динара Сыздықова. © ВК "Алтай"

Басылымның мәліметінше, Сыздықова "VTVCup аруы" титулын жеңген қазақстандық үшінші қыз және ең қызығы, үшеуінің де Өскемен қаласымен байланысы бар. Бұған дейін волейболшы Әлия Баткульдина мен Зарина Сейітқазинова бұл титулмен марапатталған болатын. 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.84  course up  571.93  course up  6.24  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети