Қазақстандықтар "Дұрыс жөтел" атты челлендж бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар "Дұрыс жөтел" атты челлендж бастады

Қазақстандық дәрігер Дмитрий Киреев әлеуметтік желілерде "Дұрыс жөтел" атты челлендж бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осы арқылы дәрігер адамдарда жаңа әдет қалыптастыруды жоспарлап отыр, бұл коронавируспен күресте көмектеседі екен.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық дәрігер Дмитрий Киреев әлеуметтік желілерде "Дұрыс жөтел" атты челлендж бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осы арқылы дәрігер адамдарда жаңа әдет қалыптастыруды жоспарлап отыр, бұл коронавируспен күресте көмектеседі екен.

Дмитрий Киреев челленджді Instagram-дағы парақшасында бастады. Ол қазақстандықтарды жөтелгенде немесе түшкіргенде ауыз және мұрынды шынтақпен немесе майлықпен жабуға шақырды. Ондаған адам дәрігерді қолдады. Видеода балалар жаңа үйренген дағдысын көрсетеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Д О К Т О Р К И Р Е Е В (@doctor_kireyev)

Дмитрий Киреев сондай-ақ коронавирустан қорғану үшін қажетті бірқатар басқа да ережені жазды.

  • Қолды үнемі спирт құралымен тазалау немесе сабынмен жуыңыз;
  • Жөтеліп немесе түкіріп жүрген адамнан кемінде бір метр қашықта болыңыз;
  • Мүмкіндігінше көзді, мұрынды және ауызды қолмен ұстамаңыз;
  • Өзіңізді нашар сезінсеңіз, үйде қалыңыз. Дене қызуы жоғарылап, жөтел пайда болып, тыныс алу қиындаса тез арада медициналық көмекке жүгініңіз. Жергілікті денсаулық сақтау органдарының нұсқауларын орындаңыз.

"Алматыда коронавирус сынағын жасайтын үш зертхана бар. Оған өздігінен барудың қажеті жоқ. Онда пациенттерді қабылдамайды. Сіз немесе жақындарыңыз вирусқа күдікті болсаңыз немесе симптомдар байқалса, санитарлық дәрігерлер тұрғылықты жері бойынша емханаға (сенбі күні кешке дейін жұмыс істейді); қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына; 103 нөмірі бойынша хабарласуды ұсынады;

Денсаулық сақтау министрлігінің жедел желісі - 1406; 382-35-36; 382-33-50 нөмірлері бойынша жедел желіге қоңырау шалыңыз", - деді ол.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети