Қазақстандықтар Украинадан келген отбасына билетке ақша жинауға көмектесті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар Украинадан келген отбасына билетке ақша жинауға көмектесті Фото: Жанар Қадырбекова ұсынған

Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтар украин отбасына билетке ақша жинауға көмектескен. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қазақстандық Жанар Қадырбекова айтып берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтар украин отбасына билетке ақша жинауға көмектескен. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қазақстандық Жанар Қадырбекова айтып берді.

Украинадан эвакуацияланған отбасы - екі кішкентай баласы бар әйел Шымкенттің тумасы болып шыққан. Ол екі баласымен 1 наурызда Украинадан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып келген. Алайда онда Шымкентке жетуге мүлде ақша болмаған. Онда әйелдің ата-анасы тұрады екен.

"Күйеуін елден шығаруға рұқсат бермеген екен, оны енді көрмеймін деп қорқады... Әйел қиын жағдайға тап болған. Қасында екі ұлы бар", - деді Украинадан эвакуацияланған қазақстандық әйел.

Нұр-Сұлтан әуежайында қазақстандықтар әйелге бірден 100 мың теңге жинап берген. Бұл Шымкентке билет алуға және ол жақта орныққанша жеткілікті болады деген мүміт бар. Сондай-ақ, балалардың бірі жолда ауырып қалғаны белгілі болды.

Сонымен қатар, қазақстандықтар Польшадан оралған тағы бір отбасына қаржылай көмек көрсеткен. Оларға да өз қаласына жету үшін 100 мың теңге жиналған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети