06 наурыз 2014 21:04

Қазақстанның ең ұзақ жасаған тұрғыны дүниеден өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото vesti.kz сайтынан Фото vesti.kz сайтынан

Қазақстанның ең ұзақ жасаған тұрғыны дүниеден өтті деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы Жамбыл облысы Талас ауданының әкімшілігі мәлімдеп отыр. 118 жасқа келген Балакүл Балтабаева 6 наурыз күні таңертең қайтыс болған. Ол Жамбыл облысының Есейхан ауылында тұрған. Қазақстанның ең қарт тұрғынының артына үш баласы қалды. Бұған дейін елімізде 100 жасты еңсерген 648-ге тарта әйел адам бар екені мәлім болған. Олардың 115-і Оңтүстік Қазақстан облысында тіркелген. Мысалға алсақ, бұл аймақта 115 жасқа келген Ұлбала Бейсенова тұрады. Ал Алматы қаласы бойынша ұзақ жасаған әйелдердің саны 91-ге жуық. Алматы облысында – 85, Астанада 100-ге келген 10 қарт әйел тұрады. Жалпы, Қазақстан бойынша 100 жасты алқымдаған 944 адам болса, оның 295-і ер адамдар. Бұл жерде Солтүстік Қазақстанда Күлшара Бейсекованың қаңтар айында 116 жасқа толғанын да айта кетуіміз керек. 2009 жылдан бері ол Смирновтағы мүгедектер мен егде тартқан адамдарға арналған интернат үйінде тұрады. Дәрігерлер "басы мен аяғының ауыратындығына шағымданатыны болмаса әженің денсаулығы жақсы" - дейді. Айта кету керек, Күлшара апаның да Қазақстанның ең ұзақ жасаған адамы атануына мүмкіндік бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети