12 сәуір 2017 | 19:31

Қазақстанның тумасы Вероника Лаукарт Германияда қалай қала мэрі болғанын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вероника Лаукарт. © жеке мұрағат Вероника Лаукарт. © жеке мұрағат

Германияда қала әкімі болып сайланған Қазақстан тумасы Вероника Лаукарт өзі туралы және Au am Rhein қаласын жақсарту бойынша алдағы жоспарлары туралы айтып берді. Ол қала әкімі қызметіне 1 маусымнан бастап кіріседі. Tengrinews.kz тілшісі Лаукартпен байланысқа шығып, сайлаудың мән-жайы туралы білді. 


Иконка комментария блок соц сети

Германияда қала әкімі болып сайланған Қазақстан тумасы Вероника Лаукарт өзі туралы және Au am Rhein қаласын жақсарту бойынша алдағы жоспарлары туралы айтып берді. Ол қала әкімі қызметіне 1 маусымнан бастап кіріседі. Tengrinews.kz тілшісі Лаукартпен байланысқа шығып, сайлаудың мән-жайы туралы білді. 

Вероника Лаукарт 1991 жылы Астанадан (бұрынғы Целиноград) 13 жасында отбасымен бірге Германияға көшіп барған. 

"Менің бауырым бар. Ата-анам бар, яғни, төртеуміз Астанадан кеттік. Ол кезде қала Целиноград аталған. Алдымен Мәскеуге келдік, сосын Германияның Раштатт қаласына көштік. Ол Баден-Баден курортының маңында. Ата-анам сол жерде жұмыс істеді, мен әкімшілік жанындағы мектепте оқыдым. Кейін жұмысқа орналастым. Біздің әкімшілікте үш бөлім бар - экономикалық, құрылыс, қызметкерлер мен балабақшалар бойынша. Былайша айтқанда әлеуметтік бөлім. Мен сол бөлімге жауаптымын. Мен жас кезімде әкім боламын деп айтқан едім", - дейді Лаукарт. 

9 сәуірде Вероника Au am Rhein қаласының әкімі болып сайланды. Қалада 3500 тұрғын бар. 

"Орын бос болса, өтініш бере аласың. Өтініштер 2 наурызға дейін қабылданды. Қабылдау сағат 18:00-де аяқталатын. Мен ойланып-ойланып, 17:17-де өтініш тапсырдым. Бізде кандидаттар тізімі БАҚ-та жарияланады. Менен бөлек алты адам өтініш берген. Мен үй-үйді аралап қаланы гүлдендіру бойынша жоспарларымды айтып жүрдім. 15 наурызда кандидаттармен кездесу өтті. Әрқайсымызға 15 минут уақыт берді. Осы уақытта ойыңды жеткізе алуың керек. Сосын сайлау болды, таңғы 8-ден кеші 6-ға дейін. 19:00-де қорытынды жарияланды. Дауыс бере алатын 2 270 адам еді (кәмелетке толғандар), мен 60 пайыз дауыс жинадым. 9 сәуір болатын", - дейді ол. 

 Оның айтуынша, өз қызметіне ол жазда кіріседі. Әзірге бұрнығы жұмыс орнында. Лаурат балабақшалардағы орындарды көбейтпек, өйткені қалаға адамдар көшіп келетіндіктен жаңа үйлер салынып жатыр. Сонымен қатар, ол жастардың, зейнеткерлердің бос уақытын пайдалы өткізу мәселесімен айналыспақшы. Сондай-ақ, жолдардың сапасын арттырып, қаланы көлік кептелісінен құтқару жолдарын қарастырады. Әсіресе Карлсруэ және өзге қалаларға баратын жолдармен түйісетін тұстарын. 

Әкім сегіз жылға сайланады. Веорника қанша еңбекақы алатынын да жасырмады. Оның айтуынша, ол айына шамамен 6 мың еуро алатын болады. "Бұл Германиядағы орташа айлық", - дейді ол. 

 Верониканың күйеуі Украина тумасы. Ол IT-технология маманы. Олардың екі баласы бар. Отбасы табиғат аясында демалғанды, елдерді аралағанды ұнатады. Дегенмен Вероника бірде-бір рет Қазақстанда болмағанын айтады. "Көп нәрсе өзгерді білем. Танымастай өзгерді. Туыстарымыз Астанада тұрады. Олар келгенде елдегі жағдай туралы сұраймыз. Туған жерім туралы баспасөз беттерінен де оқып тұрамын", - дейді Лаукарт. 

 Ұлты неміс Вероника Лаукарт Қазақстанда дүниеге келген. Жасы 37-де. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети