14 қараша 2016 | 17:26

Қазақтар етсіз өмір сүре алмайды - Назарбаев Жапонияға сапарынан кейін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшсысы Нұрсұлтан Назарбаев Жапония премьер-министрінен өмір сүру ұзақтығының құпиясы неде екенін сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшсысы Нұрсұлтан Назарбаев Жапония премьер-министрінен өмір сүру ұзақтығының құпиясы неде екенін сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Президенті Астана клубымен өткен отырыс барысында Жапония премьер-министрімен болған кешкі ас жайында айтып берді. Нұрсұлтан Назарбаев Синдзо Абэден Жапония тұрғындарының өмір сүру ұзақтығының құпиясын неде екенін сұрады.

"Мен Жапонияда болдым. Жапония - өмір сүру ұзақтығы жөнінен көшбасшы ел. Онда өмір сүрудің орташа ұзақтығы - 80-85 жыл. Содан мен Синдзо Абэ мырзадан мұның құпиясы неде екенін сұрадым. Ол болса "Білмеймін, мүмкін біздің тамақтануымыздан болар" деп жауап берді. Осы сәтте біз кешкі аста шөптерді жеп отырған едік. Бірақ біз, қазақтар етсіз өмір сүре алмаймыз ғой. Енді ас мәзірімізде нені неге ауыстырамыз?", - деп күлді Қазақстан Президенті.

Еске сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев 6 қарашада Жапонияға ресми сапармен барған болатын. Мемлекет басшысы онда төрт күндей болды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети