17 мамыр 2019 09:52

Қазақтын ұлттық тағамы бастырма туралы не білеміз

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бір ұлт мыңдаған жылдар бойы дәстүрлі асын ішуді қойса, ол халық жоғалады. Ғалымдар осылай дейді. Осы арада қазақта ет, қымыздан басқа не бар деген ой келеді. Қазақ бір сүттің өзінен 34 түрлі тағам жасай алған екен. Ұмытылып бара жатқан бастырма ұлттық тағамы туралы "Еуразия бірінші арнасының" сюжетінде айтылады.

Сюжетте этнограф пен аспаз осы дәстүрге қатысты пікірлерін айтады.

"(...) Сүт 3 күнде іріп кетсе, айранға айналдырып қояды. 1 ай жүретін болса, іркітке айналдырып қояды. Бір айдан кейінгі тамақты ақ ірімшік етіп істейді. 2 айдың тамағын қызыл ірімшік етіп істейді. 1 жылдың тамағын құрт қылып істейді. Оны "жорық құрты" деген. Жорық тым қауырт болса, әлгі етті аттың үстінде пісіре беретін болған. Мұны "бастырма" дейді. Сойып алған малдың етін сүйектен арылтып, көрпе сияқты бұл етті ер-тоқымның астына салған. Әлгі сүйегі жоқ етті аттың үстіне қояды. Содан кейін үстіне ер-тоқым жабады. Осылай жүз шақырымдарды жүріп тастаған кезде аттың ыстығы бар, қайнап тұрып терлейтіні бар - қапшықтағы ет пісіп қалады", - дейді Бекен Қайратұлы.

Ал түрік аспазы Салман Ахмедшариф бастырма тағамын тегіс етіп сүргіленген жалпақ тақтайдың астына салып, үстіне тас қойып бастырып дайындайтынын айтады.

"Жаугершілік заман аяқталғанымен, түріктер осы қадірлі асын ұмытқан жоқ. Ауыр тастың астына бастырып, содан соң қалпақтай қылып тұтастай қуырған бастырманың дәмі енді керемет болады". Қазақтың ұлттық асханасы Ұлы жорықтарға шақталған ас-ауқаттан тұрады. 3 минутта дайын болатын тамақтан бастап 3 мың жылға сақтауға жарайтын астың түрі бар", - дейді түрік аспазы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети