Қазнет қолданушылары шикі ет жеген баланың видеосын талқылап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазнет қолданушылары шикі ет жеген баланың видеосын талқылап жатыр Видеодан алынған кадр

Қазнет қолданушылары шикі ет жеген баланың видеосын талқылап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазнет қолданушылары шикі ет жеген баланың видеосын талқылап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео Kozachkov offside Telegram каналында пайда болды.

"Ата-ана құқығынан айыру керек пе немесе патриотизм үшін пәтер беру керек пе?" деп сұрақ қояды видео авторы.

Сондай-ақ, жарияланған видеода әйел адамның күлгені естіледі. Желіде бұл видео кеңінен талқыланып жатыр.

Педиатр-дәрігер Мария Головенко осы видеоға қатысты пікір білдірді. Ол шикі ет жеу баланың ағзасына өте қауіпті екенін айтады.

"Біріншіден, шикі етті термиялық өңдеуден өткен өнімдерден гөрі сіңіру әлдеқайда қиын. Бала асқазанында тұз қышқылының шығуы төмендейді де балада гастрит пайда болады.

Екінші мәселе мұның қауіптілігінде. Шикі ет, өкінішке қарай, біздің елімізде көптеген аурулардың, гельминтикалық және жұқпалы аурулардың көзі болып саналады. Яғни, бруцеллез, туберкулез, сальмонеллез немесе эхинококкоз, альвеококкоз - бұл ең қауіпті аурулардың бірі. Әзілдейтін нәрсе емес. Бұл іс жүзінде баланы мазақ ету", - деді дәрігер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети