Келімбетов демотиваторлар жайлы: Суреті жақсы болса, ренжімеймін

07 Қазан 2015, 13:28
0
Келімбетов демотиваторлар жайлы: Суреті жақсы болса, ренжімеймін - Иллюстрация © Тengrinews.kz
Иллюстрация © Тengrinews.kz

Ұлттық банк басшысы Қайрат Келімбетов өзіне қатысты демотиваторларды қазақстандықтардың күйзелістен арылуы деп есептейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Парламент кулуарында журналистердің сұрақтарына жауап берген Келімбетов девальвациядан кейін Желіде пайда болған демотиваторлардың барлығын білетінін айтты. 

"Мен барлығын көремін. Маған балаларым жібереді бәрін. Танымалдығым отбасымның көз алдында артып келеді. Мен түсінемін, бұл да күйзелістен арылудың бір жолы, себебі маңызды жағдайлар болып жатыр. Доллар 150, содан кейін 180, бүгін 270 теңгенің айналасында екенін түсінеміз. Көпшілік өз-өздерін әлі қорқытып жүр. Әрине бұл халықтық шығармашылық. Бәріміз де әлеуметтік желіде өмір сүреміз және күнделікті тиісті ескертулерді аламыз. Егер суреті жақсы болса, ренжімеймін", - деп күліп жауап берді Қайрат Келімбетов.

Айта кетейік, бүгін Ұлттық банк басшысы Қайрат Келімбетов бүгінгі жағдайдағы теңгенің бағамын лайықты деп атады. Сонымен қатар, Келімбетов отставкаға кеткені туралы қаңқу әңгімеге бұрынғыдай жұмыс істеп жатқанын айтып, жауап берді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай