Киев полициясының инспекторы әлеуметтік желі жұлдызына айналды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Киев полициясының инспекторы әлеуметтік желі жұлдызына айналды ©Instagram.com/lyudmila_milevich

Киевтің жаңа патруль полициясының 27 жастағы инспекторы әлеуметтік желілердің жұлдызына айналды, Instagram желісіне жарияланған оның суреттері украин ақпарат құралдарына да шықты. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Киевтің жаңа патруль полициясының 27 жастағы инспекторы әлеуметтік желілердің жұлдызына айналды, Instagram желісіне жарияланған оның суреттері украин ақпарат құралдарына да шықты. 

Суреттерді қыз мінсіз спорттық дене бітімін көрсетеді, сонымен қатар, қымбат курорттардағы демалысын, бренд киімдерін және автомобилін паш етеді. Суреттердің арасында полиция мектебіндегі жаттығуы кездінде түсірілгендері де бар.

Айта кетейік, полисвуменнің бұл суреттеріне жағымды пікірлер ғана айтылған жоқ. Людмиланы "тым ашық жеке суреттеріне" және құқық қорғау қызметкеріне сай емес делінген өмір салты туралы сын айтылғаннан кейін әлеуметтік желі қолданушылары оны қолдап, флешмоб ұйымдастырды. Facebook, Twitter және Instagram желілерінде қолданушылар өздерінің жартылай жалаңаш суреттерін сала бастады. 

Людмиланың тұрмыста екені белгілі. Оның бір қызы бар. Күйеуі бақуатты адам. Людмиланың айтуынша, ол полицияға ақша табу үшін емес, елдің дамуына үлесін қосу үшін келген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 507.16  course up  594.97  course up  6.53  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети