Америкалық Newsweek журналы АҚШ президенті Дрнальд Трамптың Cadillac көлігі мен Ресей басшысы Владимир Путиннің "Кортежін" салыстырған мақала жариялады, - деп хабарлайды РИА Новости.
Америкалық Newsweek журналы АҚШ президенті Дрнальд Трамптың Cadillac көлігі мен Ресей басшысы Владимир Путиннің "Кортежін" салыстырған мақала жариялады, - деп хабарлайды РИА Новости.
Басылым екі президент арасында АҚШ-тың дәстүрлі саясатына қайшы келетін және "әлемді таңдандырып" жатқан "қызықты" қатынас қалыптасқанын атап өтті. Алайда басшылар жоғары санаттағы лимузиндерге деген сүйіспеншілік "басшыларды біріктіріп" отырғанын жазыпты мақала авторы.
Newsweek тілшісі ресейлік көлікті сараптап, оның сипаттамалары британиялық Rolls-Royce Phantom және Rolls-Royce Ghost лимузиндеріне ұқсас келетіндігіне назар аударған. Басылым ақпараты бойынша, "Кортежде" V12 қозғалтқышы қойылған. Ол V8 қозғалтқышы тұрған америкалық лимузиннен күштірек. Оның үстіне "аң" аталып кеткен Трамптың көлігі бір жарым тоннаға ауыр.
"Әлбетте Путиннің Aurus көлігі қорғаныс пен байланыс үшін жасалған ең жаңа технологиямен жабдықталған. Дегенмен олар америкалық әріптесінің ескілеу, бірақ, өте мықты көлігінен асып түсе қоймас", - дейді материал авторы.
Дональд Трамптың лимузині. © REUTERS
Мақалада Fox News арнасының мәліметтері келтірілген, онда Трамп көлігінің жаңа нұқсасы осы жазда пайда болуы мүмкін екені айтылған. Ал оның құны - 15 миллион доллар болмақ. Осыған байланысты ол ескі нұсқасынан әлдеқайда артық болады.
"Ресей алда ұзақ уақыт бола қоймас", - деп атап өтіпті автор.
Владимир Путиннің лимузині ©РИА Новости
Мәскеуде 7 мамырда Ресей президенті Владимир Путинді ұлықтау рәсімі өткен. Ұлықтау күні Ресей басшысы Кремльдің бірінші корпусынан Кремльдің үлкен алаңына "Мерседес" емес, "Кортеж" жобасындағы лимузинмен шыққан болатын.
Президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұл көлікті Путин ары қарай да пайдаланатынын мәлімдеген.
"Кортеж" жобасы мемлекет басшыларына арналған лимузин, седан және минивэн сынды көліктерді жасауды қарастырады.