03 қазан 2016 16:52

Көлікті ерекше әдіспен оталдырған алматылықтарға ірі көлемде айыппұл салынатын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қыркүйектің соңында Желіде екі ер адамның Toyota Camry көлігін ерекше әдіспен итергені түсірілген қызықты ролик пайда болған. Бірақ полиция бұл қызықтан әкімшілік құқық бұзушылық көріп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алматының Ақан сері көшесінде түсірілген ролик Instagram парақшасындағы ztb_video тобында жарияланды.

Қалалаық ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек полицияның бұл бейнероликті қарап шығып, ондағы тұлғаларды іздестіріп жатқанын мәлімдеді. "Қазіргі кезде тексеру және анықтау шаралары өкізіліп жатыр. Алдын ала айтсақ, жас жігіттер капотына аяғын салған көлік жүргізушісінің әрекетінен "ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің "Жолаушылар мен жүкті тасымалдау ережсін бұзу" бабы бойынша құқық бұзушылық байқалады. Егер бұл көлік тоқтап тұрған болса, бұл бөлек әңгіме, ал ол жүріп келеді. Оның үстіне ер адамның әрекетінде қажеттіліктің жоқтығы көрініп тұр. Бұл ерігіп істелген ойын болуы мүмкін", - дейді Әзірбек. Оның ақпаратынша, аталған бап бойынша айыппұл 50 АЕК (106 050 теңге) болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети