© AstroMeridian.Ru
Колумбиялық қыз жігітімен ақшаны бөліспеу үшін тоғыз мың долларды жеп қойған, - деп хабарлайды РИА Новости.
Колумбиялық қыз жігітімен ақшаны бөліспеу үшін тоғыз мың долларды жеп қойған, - деп хабарлайды РИА Новости.
Прокуратураның мәліметінше, 28 жастағы әйел өзінің жігітімен айырылысып, Панамаға көшіп кетуді жоспарлаған. Екеуі бірге тұрған уақытта жинаған қаражатты ол жігітімен бөліспеу үшін тура мағынасында жеп қойған.
Соның салдарынан әйел адам ауруханаға түскен, дәрігерлер оның ішінен ақшаны алып шыққан. Дәрігерлер бас аяғы оның асқазанынан 5,7 мың долларды сау күйінде алып шыққан, ал қалған ақша бүлініп кеткен. Билік өкілдері оған наразылығы жоғын айтқан, себебі ақша заңды жолмен жиналған.