Новосібір мемлекеттік университетінің ғалымдары Ресей президенті Владимир Путинге жаңа жылға көне түркі жауынгерінің қорғаныш құрал-жабдықтары жиынтығын сыйлайды, - деп хабарлайды Lenta.ru университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сыйлықты президентке университет ректоры мен атақты тарихшы ғалымдар 17 желтоқсанда Новосібірдегі ИТАР-ТАСС баспасөз орталығында табыс етеді. Кейін бұл жәдігерлер Кремльдің мұражайына қойылады деген жоспар бар.
Ресей президенті аталған университет ғалымы Леонид Бобровтың желтоқсан айының басында жасаған орта ғасырдағы қару-жарақтар туралы баяндамасынан кейін көне түркі сауыт-саймандарына қызығушылық білдірген. Лекция барысында Путин новосібірлік ғалымдардан дулығаның көшірмесін Кремль мұражайына беріп жіберуді сұраған.
Бобровтың айтуынша, Кремль қорына көне түркі жауынгерінің қорғаныш құрал-жабдықтарының толық жиынтығын беру туралы шешім қабылданған, жиынтықта: дулыға, болатты сауыт, шекпен, күміс пластиналы белдік, қалқан мен жалаулы найза бар.