Астанадағы көпбалалы отбасынан шыққан Балнұр Байтееваның оқиғасы украиналық әнші Анна Седоковаға қатты әсер етті, - деп жазады Tengrinews.kz тілшісі.
Астанадағы көпбалалы отбасынан шыққан Балнұр Байтееваның оқиғасы украиналық әнші Анна Седоковаға қатты әсер етті, - деп жазады Tengrinews.kz тілшісі.
Балнұр Байтеева танымал украиналық әнші Анна Седакованың Instagram-дағы акциясына қатысты. Седокова #ВселеннаяЭтоМы хештегімен өткізіліп жатқан акция арқылы тағдыры ауыр әйелдер мен қыз балаларға қолдау көрсетіп жатыр. Өзінің жариялымында Балнұр өзінің 9 баллаы отбасында дүниеге келгенін айтады. Оның әкесі мен анасы музыкант болған және отбасын асырау үшін күні-түні жұмыс істеген.
"Ата-анамда айтарлықтай кіріс болған жоқ (...) 1999 жылы әкем мен анам ажырасып кетті. Мен алты жаста болдым. Сосын біз басқа ауданға көшіп кеттік. Анам екеуміз базарға барып, асфальт үстіне мата жайып сауда жасайтынбыз. Мен базар аралап мәз болатынмын. Мен үшін бұл мерекедей көрінетін. Біздің бар қалауымыз - өзімізде кәсіптің болуы. Кішігірім дүкеннен бастадық, кейін анам бәліш пісіріп сатты, одан кейін түнде сәбіз салатын жасап, оны салафанмен қаптайтынбыз. Сосын азық-түлік дүкенін ашуға тырыстық. Мені таңдандырған жай - анамның сабырлығы! Қандай қайрат пен шыдамдылық! Енді міне бізде өзіміздің кішкене мектебіміз бар, мен сабақ беремін, ала анам маған көмектеседі. Ақырындап аяққа тік тұрып келеміз", - деп жазыпты Балнұр Байтеева өз жариялымында.
"Өз тарихын баяндап, хэштегті белгілеген соң, келесі күні менің жазғаным әншінің парақшасында пайда болғанын байқадым. Анна Владимировна репост жасап, осы айдың 11-і күні мейрамхананың ашылуына Астанаға келетінін еске салыпты. Сол кезде тәрбиеленушілер анаммен танысу үшін міндетті түрде менің мектебіме келіп, өз ықыласын білдіретінін жазды", - дейді Астана тұрғыны.
Оның айтуынша, әнші келетіндігін айтқаннан кейін кездесуге дайындық басталып кетті және баршасы толқып жүрді.
© © Балнұр Байтеева
"Аннаның өзі уәде еткендей, әуе рейсінің кешігуіне байланысты негізгі шарасына кешігіп барғанымен, ол кездесуге уақыт тапты. Біз әншінің уақытын аз екенін ескеріп, үш қойылым көрсеттік. Алдымен хор қазақ тілінде "Анаға салем" әнін орындады, сосын би тобы Аннаның "Мое сердце в бинтах" әніне биледі. Соңғы қойылым кезінде Анна балалардың қасына тұрып, өзі ән орындады, бұл бізге демеу болды. Оның әнінен кейін айтқандары тіпті қанаттандыры жіберді. "Бұл - әнімнің ең керемет орындалуы" деді әнші", - деп қосты Балнұр.
Кейін әнші астаналық өнер сүйерлермен болған кездесу түсірілген видеосын үш миллион жазылушысымен бөлісті.
"Бізге үлкен әсер еткені - ол Анна Владимированың қарапайымдылығы. Бұл бізді оған жақындастыра түсті. Мектеп тәпрбиеленушілері бұл күнді ұзаққа дейін ұмытпайды. Осындай мейірімді адамдар көбірек болса екен. Ғалам- ол біз", - деп аяқтады Балнұр.