Көпірдегі акробат алматылықтардың есін шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көпірдегі акробат алматылықтардың есін шығарды Видео кадры

Жаяу жүргіншілер жүретін көпірдің аркасына шығып, екі қолымен жүріп бара жатқан экстремал Алматы тұрғындарының есін шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаяу жүргіншілер жүретін көпірдің аркасына шығып, екі қолымен жүріп бара жатқан экстремал Алматы тұрғындарының есін шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға орнындағы кадрлар Instagram желісіндегі kris.p.online парақшасында жарияланды. 

Видеодан оқиға кешкі уақытта болғанын аңғаруға болады. Куәгерлер эксремалды видеоға түсіріп алған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_almaty +21 | ???? (@kris.p.online)

Полицейлердің хабарына қарағанда, оқиға 8 қазанда болған. Видеодағы экстремал - 25 жастағы жергілікті тұрғын, ол акробатикамен айналысады екен. Көпірдегі жағдай туралы тәртіп сақшылары қала тұрғындары хабарлағаннан кейін білген. 

"Біздің қызметкерлер жігітті Әуезов ауданының полиция бөліміне жеткізді. 25 жастағы қала тұрғыны кәсіби түрде акробатикамен айналысатыны анықталды. Оның айтуынша, көпірдегі жағдайды досы дронға түсіріп тұрған. Олар видеоролик дайындаған. Бүгінде ол әрекеттері үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы бойынша жауапқа тартылады", - деді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети