Баскетбол жұлдыздары Гэри Пэйтон мен Глен Райс дәстүрлі түрде көрермендер арасынан кез келген адамды алаңға шақырған. Олар көрерменнің кейпінде атақты данкер Джордан Килганонның келгенін білмеген.
Баскетбол жұлдыздары Гэри Пэйтон мен Глен Райс дәстүрлі түрде көрермендер арасынан кез келген адамды алаңға шақырған. Олар көрерменнің кейпінде атақты данкер Джордан Килганонның келгенін білмеген.
Килганон қарапайым көрерменге ұқсап, алғашында бет-жүзін көрсетпейді. Алайда допқа иелік ете бастаған кезінде Гэри Пэйтонның аузы ашылып, таңдай қаққанын көруге болады. Себебі данкердің бойы бар-жоғы 185 сантиметр, ал оның жасаған әрекеттері NBA жұлдыздарының деңгейінде болған. Тіпті допты шеңбердің үстінен салудың түрлі әдісін көрсеткен оған бұл аздық етіп, төрт адамды бір-бірінің үстіне отырғызып, олардың үстінен қарғып жасаған әдісі NBA жұлдыздарын есеңгіретіп тастағандай. Айта кетейік, видео Риодағы NBA House шарасында түсірілген.