31 мамыр 2022 | 17:54

Қосшыда 40 жастағы ер адам кәмелетке толмаған баланы соққыға жыққан

Фото: instagram.com/oo_qanat Фото: instagram.com/oo_qanat

Қосшыда 40 жастағы ер адам тоғыз жастағы баланы соққыға жықты. Полиция қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қосшыда 40 жастағы ер адам тоғыз жастағы баланы соққыға жықты. Полиция қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл оқиға туралы Instagram-дағы топтардың бірінде белгілі болды. 

"Баланы көршісі жұрттың көзінше соққыға жығып, азу тісін қағып жіберген, миы шайқалып қалған", - делінген хабарламада.  

Жәбірленушінің анасы Юлия Манукян тоғыз жастағы ұлын көргенде оны көлік қағып кетті деп ойлаған. 

"Кеше жұмыста болғанмын, балалар үйде еді. 18 жастағы қызым Қосшыда тұрады, ұлым қасында болған. Қызымның сөзінше, балам сыртқа шығып, біраз уақыттан кейін көзіне жас толып келген. Үсті лас, қансырап кеткен. Қызым суретін жіберді, ол қазір Желіде тарап кетті. Төбелестен кейін мұндай болады деп ойламаппын. Әдетте балалар бір-бірімен төбелеседі ғой. Қызым хабарласып, көрші ер адам соққыға жыққанын айтты" - дейді баланың анасы Tengrinews.kz тілшісіне. 

Әйел адамның сөзінше, бастапқыда балалар өзара жанжалдасып қалған. Артынша, әкесі ұлын "қорғауға" шыққан. 

"Оны бірден ауруханаға алып кеттік. Бүгін сот сараптамасын жасаттық, азу тісі түсіп қалған, көзінің айналасы көгеріп кеткен, себебі оны жұдырықпен ұрған. Сосын оны ұстап алып, аузына балмұздақ тыққан, сол кезде тісін қағып алған. Ұлым қансырап кеткенін, қатты ауырғанын айтады. Оны сондағы балалар да, ересектер де көрді", - дейді Юлия. 

Ақмола облыстық Полиция департаменті өкілдері баланың анасы кезекші бөлімге 30 мамырда арыз жазғанын айтты. 

"Қосшының 39 жастағы тұрғынынан 2012 жылы туған ұлын соққыға жыққан 40 жастағы тұрғынға қатысты шара қолдану туралы арыз түсті. Кәмелетке толмаған балалар арасында жанжал шыққан. Салдарынан балалардың бірі әкесіне барған. Ер адам кәмелетке толмаған баланы жұдырықпен ұрып, артынша бала бұл оқиға туралы ата-анасына айтып берген", - деді полиция өкілдері. 

Бұл дерек бойынша баланың денсаулығына келтірілген зиянды анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бүгінде соталды тергеу жүріп жатыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети