Қостанайда АХАЖ үйленіп жатқан жастардың некесін тіркеуден бас тартқан, - деп хабарлайды "Алау".
Қостанайда АХАЖ үйленіп жатқан жастардың некесін тіркеуден бас тартқан, - деп хабарлайды "Алау".
Жастардың сөзінше, мұндай келеңсіздік қағазбастылық себебінен болған. Олар бір ай бұрын ХҚКО-ға өтініш берген, алайда, ол өтініш АХАЖ-ға дейін жетпеген.
"Бізге өтініштерің келіп түскен жоқ деді. Әрине біз үшін бұл стресс болды. Қонақтармен келдік, бәрі күтіп тұрды. ХҚКО-ға келсек, олар қайтадан өтініш беріңдер де бір ай күтіңдер деп шығарып салды", - дейді күйеу жігіт Арман Мырзабеков.
Алайда Мырзабеков мұны жылы жауып қойғысы келмеді. Ол әділдікке қол жеткізгізгісі келгенімен, жағдай тілшілердің араласуынан кейін ғана оңала бастаған. "Бір сағат бұрын ХҚКО қызметкерлері қоңырау шалып, 2-3 күнде мәселеңізді шешеміз деді. Бірақ оны кеше шешіп тастауға болатын еді", - дейді Мырзабеков.
Ал ХҚКО қызметкерлері мұндай жағдайға нақты не себеп болғанын айтып бере алмады. Мамандар жүйенің ақаулығынан болуы мүмкін екенін айтады.