14 қаңтар 2016 | 14:55

Қостанайда көмір қоймасынан беймәлім мақұлық табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Кostanaytany.kz © Кostanaytany.kz

Қостанай облысынан бұрын-соңды кездеспеген мақұлық табылды, - деп хабарлайды Kostanaytany.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Қостанай облысынан бұрын-соңды кездеспеген мақұлық табылды, - деп хабарлайды Kostanaytany.kz.

Басылымның мәліметінше, жануар Әулиекөл ауданының Бағаналы ауылынан табылған. Өткен жылы қазан айында ауылға бірнеше тонна көмір түсіріледі. Бірнеше күн бұрын мектеп жұмысшылары  сол көмірлердің арасынан көлемі бөлке нандай болатын жұмыртқа тауып алған.

"Сыртқы қабаты желім сияқты жабысқақ. Жұмыртқаға мүлде ұқсамайды. Ішінен 20 сантиметрдей болатын құртқа ұқсас жәндік шықты. Қатты таңырқаған жұмысшылар жәндікті мектептегі еңбек кабинетіне әкеліп, түр-сипатын анықтап көру үшін су құйған. Сол мақұлықтың кезде құйрық жағы үрленіп, аздап қимылдай бастайды. Кейін жәндіктің түсі көк болып өзгерген", - делінген басылымда. Сонымен қатар, жәндіктің тісі бары анықталды.


© Кostanaytany.kz

Ауыл тұрғындары осы жағдайға байланысты ауыл әкімімен байланысады. Ол тұрғындарға Қостанайдағы ғылыми-зерттеу орталығына хабарласуға кеңес беріпті. "Тұрғындар ғалымдарға хабар берген. Қазір бұл жәндіктің 30 градус аязда қалай өліп қалмағаны анықталып жатыр. Жәндіктің сыртқы келбеті жыланға да, басқа тіршілік иелеріне де ұқсамайды", - деп хабарлады жергілікті басылым.


© Кostanaytany.kz

Айта кетейік, беймәлім тіршілік иесін ауыл тұрғындарының бірі үйіне әкеткен.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети