Оқу жылының соңғы күні 24 мамырда қостанайлық мектептердің бірінің түлектері сабаққа пижамамен барған. Он бірінші сынып оқушылары осылайша мектепте аттарын қалдырғысы келіпті, деп хабарлады Alau.kz.
Оқу жылының соңғы күні 24 мамырда қостанайлық мектептердің бірінің түлектері сабаққа пижамамен барған. Он бірінші сынып оқушылары осылайша мектепте аттарын қалдырғысы келіпті, деп хабарлады Alau.kz.
Түлектердің бірі Ангелина Нелюбинаның айтуынша, идеяны бүкіл сынып қолдаған. "Өткен жылы басқа мектептердің түлектері осылай істеді. Біз осылайша атымызды қалдырғымыз келді. Бізбен көпшілік суретке түсті. Ұстаздардың кейбірі керісінше, қолдамады", - деді ол.
Айта кетейік, 25 мамырда түлектер формамен барған. Енді олар емтихандар мен ҰБТ-ға дайындалып жатыр.