Қостанайда жеткіншектер қараусыз қалған зауытта қауіпті селфи жасап жүр, - деп хабарлайды Аlau.kz.
Қостанайда жеткіншектер қараусыз қалған зауытта қауіпті селфи жасап жүр, - деп хабарлайды Аlau.kz.
Жастар шатырдың ең биік жеріне шығып, суретке түсіп жүр. Бұрынғы спирт зауытының маңында тұратын тұрғындар жеткіншектердің қауіпті эксперимент жасап жүргендері үшін алаңдаулы.
"Бұл жер күзетілмейді. Биікке шығып алын "Көмектесіңдер" деп айғайлайды. Не болып жатқанын біз түсінбейміз. Өкінішке орай, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін ешкім шақырмады. (...) Соңғы уақытта мұнда балалар көбейіп кетті", - деді жергілікті тұрғын.
Психолог Игорь Зуев жастардың мұндай әрекетке баруын өздеріне деген сенімдерінің төмендігімен байланыстырды. Оның айтуынша, жеткіншектер өздерін дәлелдеу үшін осындай істерге барады. Маман ата-аналарға балаларын спорт үйірмелеріне апаруды ұсынды.
Еске сала кетейік, мамыр айында Ресейдің Рязань облысында селфи жасағысы келген оқушыны ток ұрып, ол сол жерде қаза тапқан болатын. Оқиға Рыбное қаласында болды. "Тоғызыншы сынып оқушысы Максим Ергин темір жол көпірінде селфи жасағысы кедіп, электр тоғының желісіне тиіп кетті. Тоқ ұрғанда ол көпірден құлады. Ол алған жарақатынан ауруханада қайтыс болды", - деп хабарлады құқық қорғау органдарының өкілдері.