19 ақпан 2021 | 11:14

Қостанайлық полицей Қазнетті тәнті етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайлық полицей Қазнетті тәнті етті. Ол тасжолдағы көлік жүргізушілерін қар құрсауынан құтқарып, қалаға апарар жолды көрсеткен. Tengrinews.kz тілшісі полицеймен сөйлесті. 


Иконка комментария блок соц сети

Қостанайлық полицей Қазнетті тәнті етті. Ол тасжолдағы көлік жүргізушілерін қар құрсауынан құтқарып, қалаға апарар жолды көрсеткен. Tengrinews.kz тілшісі полицеймен сөйлесті. 

Боран кезінде жүргізушілерге жол көрсетіп, жүгірген полицей туралы видео Желіде тарады. 

"Көліктің алдына шығып, жүгіріп, қалаға шығатын жолды көрсетіп жүрген полицейлерге алғыс білдіремін", - дейді видео авторы. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сетевое издание «ZTB.KZ» (@ztb_kz)

Боран кезінде жол көрсетіп жүрген адам - Қостанай қаласының патрульдік полиция батальонының инспекторы, лейтенант Амантай Байжанов. Ол полицияда 2014 жылдан бері жұмыс істейді. Үйленген, баласы бар. 

"Бір жыл ішінде алғаш рет осындай дауылға тап болуымыз. Өзім де көлік жүргізгенмін, сондықтан мұндай жағдайларда көлікте отырғанда ештеңе көрінбейтінін білемін. Салдары жаман болуы мүмкін, сондықтан ұзақ ойланбастан көліктің алдына шығып, жол көрсеттім", - дейді Амантай Байжанов. 

Амантай Байжанов заң факультетін бітірген, артынша мемқызметте істеуді шешкен. Ер адам өзін батыр санамайтынын, ол тек міндеті деп санайтынын айтады. 

"Сол күні күн суып кеткендіктен телефоным өшіп, байланысқа шығу мүмкіндігі болмады. Сосын бәрі мені құттықтай бастады. Жүргізуші мені түсіріп жатқанын білмедім", - дейді полицей.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети