Ресейлік зертханаларының геммологы армян қызының қандай "кристалдармен" жылайтынын анықтады, - деп хабарлайды НТВ телеарнасы.
Ресейлік зертханаларының геммологы армян қызының қандай "кристалдармен" жылайтынын анықтады, - деп хабарлайды НТВ телеарнасы.
Телеарна журналистері 22 жастағы Сатеник Каразян жылайтын кристалдарын жинап, сараптамаға өткізген. Маманның сөзінше, тастар тығыздығы мен сынықтарына байланысты өнеркәсіптік әйнек екен.
"Бұл нағыз табиғи әйнек. Мұны зертхана да дәлелдеді", - дейді геммолог Ольга Радионова.
Армениядағы Малаян атындағы Басты республикалық офтальмологиялық орталық мамандарының сөзінше, бұл оқиға цирк көрінісі секілді. Орталық мамандары Сатеник Каразян Мюнхгаузен синдромына шалдыққан деп есептейді. Аурудың бұл түріне шалдыққан адам өз-өзіне ауыр зиян келтіруге дейін баратын көрінеді.
Айта кетейік, жыласа көзінен жас орнына кристалл төгілетін қыздың туыстарының айтуынша, оның емделуге қаражаты жоқ екен. Сатениктің жұбайы - бірінші топтағы мүгедек.