Кремль Путин мен Буштың билеген сәті түсірілген видео жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кремль Путин мен Буштың билеген сәті түсірілген видео жариялады видеодан үзінді

Кремль Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ-тың экс-президенті Джордж Буштың "Путин. 20 жыл" жобасы аясында түсірілген мұрағат видеоны жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кремль Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ-тың экс-президенті Джордж Буштың "Путин. 20 жыл" жобасы аясында түсірілген мұрағат видеоны жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Видео 2008 жылы сәуірде түсірілген. Бұл кездесуде "қоштасу сапары" деп те атайды, себебі олар (Путин мен Буш) президент ретінде соңғы рет кездескен. 

"Видеода Путин сахнада бишілермен қол ұстасып билеп жүр, ал Буш сахнаның алдында би ансамбілінің мүшесімен билеген. Би аяқталған соң, ел президенттері иіліп, үстелге көңілді отырады. Онда Буштың жары Лора да отыр.  

 "Путин. 20 жыл" жобасы Креамльдің айтуынша - энциклопедия емес, жылнама не шежіре емес және атқарылған жұмыстар туралы есеп беру емес. Бұл 20 жылда Владимир Путин мемлекет басшысы және Ресей үкіметінің басшысы болып қызмет атқарған уақыттағы жарқын сәттер мен қызықты жағдайлар жиынтығынан құралған мультимедиялық альбом.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети