ҚТЖ басшысы Сауат Мыңбаев жарақат алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚТЖ басшысы Сауат Мыңбаев жарақат алды Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

"Қазақстан темір жолы" басшысы Сауат Мыңбаев спортпен шұғылданып жүріп жарақат алды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "ҚТЖ "ҰК" АҚ баспасөз қызметі өкілдері хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақстан темір жолы" басшысы Сауат Мыңбаев спортпен шұғылданып жүріп жарақат алды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "ҚТЖ "ҰК" АҚ баспасөз қызметі өкілдері хабарлады.

22 қаңтарда Әлеуметтік желілерде Мыңбаевтың "омыртқасы ауыр жараланды" деген ақпарат пайда болды. Расталмаған мәліметтерге сәйкес, ол немістің Charité ("Шарите") клиникасына жеткізілген.

Алайда кейінірек ұлттық компания өкілдері бұл қауесетті жоққа шығарды. Сауат Мыңбаевтың денсаулығына қауіп жоқ екенін хабарлады.

"Сауат Мыңбаевтың денсаулығы туралы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған ақпаратқа қатысты мынаны хабарлаймыз. "Қазақстан темір жолы" "ҰК" АҚ басқарма төрағасы спортпен шұғылдану кезінде жарақат алды. Қазіргі уақытта ол емделіп жатыр. Оның денсаулығына еш қауіп жоқ", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, Сауат Мыңбаев 2018 жылы 20 қарашада "Қазақстан темір жолы" ҰК" акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы болып тағайындалған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети